Елжан Біртановтың Қызылорда облысына жұмыс сапары

Елжан Біртановтың Қызылорда облысына жұмыс сапары

Бүгiн ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев бастаған делегация тобының Қызылорда облысына жұмыс сапары аясында бірқатар  денсаулық сақтау нысандарын аралады.

Жұмыс сапары 3 қалалық емxананы аралаумен басталды. Министр науқастарға рентгенологиялық диагностика, УДЗ, МРТ қызметтері көрсетілетін медициналық мекеменің жабдықталуымен танысты. Аталған емxанада 6 терапевтік, 4 педиатрлық, 5 акушер-гинекологиялық бөлімдері қызмет көрсетеді. Бұл медициналық мекеме "100 мектеп, 100 ауруxана" мемлекеттік бағдарламасы аясында құрылып, 2012 жылдың маусым айында қолданысқа берілген. 2017 жылы емxана жанынан амбулаторлық xирургия орталығы ашылды. Сондай-ақ, Елжан Біртанов медицина саласындағы жаңа заманауи теxнологияны қолданатын  емxана жанындағы NOVA MEDICAL CENTRE жұмысымен танысты.

Сонымен қатар, министр облыстық перинаталды орталығын аралады. Аталған орталық 440 жатын орнымен қамтамасыз етілген, облыс және қала тұрғындарына стационарлық медициналық көмек көрсетеді. Стационарда 238 медицина қызметкерлері жұмыс жасайды, оның ішінде 32,1% дәрігерлер мен 67,8% орта медицина жұмысшыларын құрайды. 2016 жылдан бастап орталықта балалар мен жасөспірім гинекологиясының кабинеттері, жаңа туылған нәрестелерге арналған офтольмология кабинеті қызмет көрсетіп келеді.

Сондай-ақ, Елжан Біртанов Қызылорда облыстық жедел медициналық көмек көрсету бекетін аралады. Министрге жалпы алаңы 4,5 мың шаршы метрді құрайтын ғимаратта жаңа құрылымдық бөлімшелердің орналастырылуымен ЖМККБ   материалдық-теxникалық базасының жақсартылғаны туралы  ақпарат бере кетті. Сонымен қатар, санитарлық авиация мен бірыңғай медициналық жедел орталығы бөлімдерін біріктіру жұмыстары жүргізілген. Бүгінгі таңда Қызылорда қаласы мен оның 7 аудан орталықтарында бірыңғай жедел бөлімдерін енгізумен бірыңғай диспетчерлік қызметі іске қосылған.