ҚР ДСМ РЭДСО ТМД-да бірінші рет қартаюға қарсы күреске арналған ML-хакатонды өткізуде.

ҚР ДСМ РЭДСО ТМД-да бірінші рет қартаюға қарсы күреске арналған ML-хакатонды өткізуде.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК Mail.Ru Group және Insilico Medicin компанияларымен бірлесіп ағымдағы жылғы 15 маусымнан бастап 15 шілдеге дейін ТМД-да бірінші рет қартаюға қарсы күреске арналған Machine learning хакатонын өткізуде. Конкурс ML BootCamp алаңында өткізілуде.

ML BootCamp – қартаюға қарсы күрес саласындағы IT-шешімдерін іздеуге, сондай-ақ ТМД елдерінен IT-мамандары арасында data science бағыттарын көпшілікке таратуға арналған онлайн-хакатон алаңы. Бұл Еуразияда бірінші рет қатысушылар денсаулық пен ұзақ өмірді қамтамасыз ететін шешімдерді іздеу үшін машинаның көмегімен оқыту технологиясын қолдануға тырысатын хакатон болып табылады. Зерттеу базасы - анонимді клиникалық талдамалардың  ірі іріктелімі.

Insilico Medicine  негізін қалаушы Александр Жаворонковтың айтыуынша, «терең нейрожелілердің көмегімен деректердің әр түрін іріктеу кезінде жасты болжау  - қартаю мен денсаулықтың жай-күйінің биологиялық маңызы бар биомаркерлерді құруға алғашқы қадам. Осы жобада біз аздаған параметрлер саны көрсетілген 100 мың адамды таңдау кезінде жаңа ойлар мен тәсілдердің қолданылуын және осындай мәселелерді шешуге қызығушылық танытатын машинаның көмегімен оқыту жеңімпаздарын көргіміз келді».

Бүгінгі таңда Machine Learning технологиясы әртүрлі сала мамандарының назарын өзіне аудара отырып, жалпыға кеңінен таралды.

Анықтама ретінде: Machine Learning – Интернет объектілерінен Заттар түсетін (IoT) деректердің үлкен ағынын талдамалық өңдеу үшін арналған    интеллектуалдық талдау жүйесі. Machine Learning технологиясының негізіне жасанды интеллект және сараптамалық жүйелердың элементтерін пайдалану жатады.