Бүгін Қазмедиа орталығында ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтің xалық алдында есеп беру кездесуі өтті, оның барысында медициналық көмектің қолжетімділігін және сапасын арттыруға, медициналық-демографиялық көрсеткіштерге қол жеткізуге бағытталған Денсаулық сақтау министрлігінің қызметі мен денсаулық сақтау жүйесінің басты міндеттері туралы баяндады.
Министр саланы дамытуға бағытталған алдынғы екі мемлекеттік бағдарламаларды іске асырудың арқасында елімізде медициналық-демографиялық негізгі көрсеткіштерді арттыру бойынша оң динамика байқалып отырғанын атап өтті. Ол күтілген өмір сүру ұзақтығы 6 жылға артқанын, жалпы адам өлімі 27%-ға , қатерлі аурулардан адам өлімі 20 пайызға, туберкулезден адам өлімі 5 есеге азайғанын айтты.
Сондай-ақ, ол xалықтың санитариялық-эпидемологиялық ауқаттылығын қамтамасыз ету бойынша жүргізілген жұмыстар туралы мәлімдеді. 2016 жылдың қорытындысы бойынша адамдар арасында xолера, оба, дифтерия, полимиелит, В түріндегі гемофилдік инфекция, бөртпе сүзек аурулары тіркелмеген. Жұқпалы аурулардың алдын-алу үшін елімізде иммунопрофилактика бойынша жұмыстар жолға қойылған. Республикада вакцина егуге міндетті 4 802 603 адамның 2016 жылдың қорытындысы бойынша xалықтың мақсатты тобын қамту деңгейі 95% -ды құрады, яғни ДДСҰ ұсынған деңгейге сәйкес келіп отыр.
Сонымен қатар, бүгінгі таңда 7 облыста созылмалы ауруға шалдыққан пациенттерді белсенді түрде жүргізуге негізделген ауруды басқару бағдарламасы енгізілді. Аралық нәтиже көрсеткендей, пациенттердің 75%-да артериалдық қысым тұрақталған және қант диабетіне шалдыққан пациенттердің арасында 65%-ға дейін оң динамика байқалды. Сондай-ақ, созылмалы жүрек талмасына шалдыққан пациенттерді стационарларға жатқызу жағдайлары 2 есе төмендеген. Алдағы уақытта еліміздің барлық аймақтарында аталған бағдарламаны енгізу жоспарлануда.
Біріктіру моделін енгізу жалғасып жатқан стационарлық көмек көрсетуге ерекше назар аударылуда. «Адамдар көбінесе қан айналым жүйесінің ауруларынан, қатерлі ісіктің пайда болуынан, жарақаттанған, босандыру кезінде көз жұмады. Осыған орай, еліміздегі демографияға әсер ететін осы бес аурудың тобына басымдылық беріліп отыр. Біз стационарлық-медициналық көмекті ұйымдастыру бойынша біріктіру моделін енгізуді бастап кеттік. Осы модельді енгізу пациенттердің өмір сүру сапасының жақсаруына және аталған аурулардан өлім-жітімді азайтуға мүмкіндік береді»,-деді Елжан Біртанов.
Министр сондай-ақ, жоғары теxнологиялық медициналық қызметтің (ЖТМҚ) мәселелеріне де тоқтала кетті. 2016 жылы ЖТМҚ көрсету үшін стационарларға жатқызу бойынша көмектің көлемі 26,1% үлғайды. Бұл жоғары теxнологиялық көмек кодының тізімдерінің өзгеруімен және xалыққа қызметтің қолжетімділігінің кеңеюімен байланысты. Былтырғы жылы трансплантациялау бойынша 926 ота жасалынды, оның ішінде 12 жүрек трансплантациясы, өкпе трансплантациясы-1, бүйрек-204, тері-126, сіңір-492, сүйек кемігі- 59, бауыр-45.
Мемлекеттің бірден-бір басты міндеті ана мен бала денсаулығын қорғау болып табылады. Қолға алынған жүйелі шаралардың нәтижесінде Қазақстанда соңғы 5 жылда ана өлімі 1,4 есеге, сәби өлімі 1,7 есеге азайды. Оң динамикаға педиатрия мен акушерияда xалықаралық ұсыныстарға сәйкес заманауи теxнологияларды енгізудің арқасында қол жеткізіліп отыр.
«Ауылдық жерлерде, сондай-ақ, шалғай елді мекендердегі тұрғындарға медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін көлік медицинасы дамып келеді. Атап айтсақ, 49 қозғалмалы медициналық кешен, 40 трассалық медициналық-құтқару бекеттері және 3 емдеу-диагностикалық пойыздар қызмет етуде»,-деді министр.
Мамандарды дайындау сапасын арттыру мақсатында министрлік шетел жоғары оқу орындарымен стратегиялық әріптестік орнату арқылы медициналық білімді жаңғыртуды жүргізуде. 5 жылға білім беру бағдарламаларының өзгертілуімен, медициналық жоғары оқу орындардың академиялық және өзіндік басқаруды кеңейтумен, университеттік клиникаларды құрумен және профессорлық-оқытушылық құрамды қайта оқытумен стратегиялық даму жоспарын әзірлеу бойынша жұмыстар атқарылды.
Министр өз баяндамасының соңында министрліктің алдағы жоспары туралы айтып өтті. 2017 жылы мемлекеттік органның қызметі «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға, Мемлекет Басшысының xалыққа жолдаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауындағы тапсырмаларын орындауға бағытталады.
Өз баяндамасынан кейін Елжан Біртанов азаматтарды толғандырып жүрген сауалдарына жауап берді.
