Алматыда Қазақстанның және ДДСҰ Еуропалық өңірлік бюросының өкілдері xалықаралық денсаулық сақтау саласында бірқатар елдердің атқаратын рөлдерін талқылады.

Алматыда Қазақстанның және ДДСҰ Еуропалық өңірлік бюросының өкілдері xалықаралық денсаулық сақтау саласында бірқатар елдердің атқаратын рөлдерін талқылады.

 

Кездесуге ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, ДДСҰ Еуропалық өңірлік бюросының директоры Жужанна Якаб, сондай-ақ, денсаулық сақтау саласындағы xалықаралық сарапшылар қатысты. Аталған шара барысында Еуропалық өңірдегі алғашқы медициналық -санитарлық көмекті әрі қарай дамыту бойынша ДДСҰ кеңес тобы құрылды.

Аталған топ алғашқы медициналық-санитарлық көмек тәсілін нығайту және сәйкестендірілген салада мүдделі тараптар мен әріптестермен өзара ынтымақтастық орнатуға ықпал ету, сондай-ақ, Еуропалық өңірде теxникалық біліммен және тәжірибемен алмасу үшін тұғырнаманы қамтамасыз ету мақсатында ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізуге арналған өзінің сараптамалық ұсыныстарын ұсынатын болады.