ДСМ-де медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін кепілдендіру жүйесін енгізу және жауапкершілікке қатысты заңнаманы гуманизациялау мәселелері талқыланды

ДСМ-де медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін кепілдендіру жүйесін енгізу және жауапкершілікке қатысты заңнаманы гуманизациялау мәселелері талқыланды

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Лязат Ақтаеваның төрағалығыменмен кәсіби жауапкершілікті кепілдендіру (сақтандыру) жүйесін енгізу және медицина қызметкерлерінің жауапкершілігімен байланысты заңнама нормаларын декриминализациялау (гуманизациялау) мәселелерін талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел жұмысына Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, Ұлттық денсаулық сақтау палатасының, медициналық қауымдастықтардың, ғылыми орталықтардың, Астана медициналық университетінің, Республикалық денсаулық сақтау орталығының өкілдері және т.б. қатысты.

Заңнамада медициналық қате туралы анықтаманың жоқтығы (ұқыпсыздық және немқұрайлықтан басқа) медицина қызметкерлерінің олардың кәсіби қызметін атқарған кезде қорғалмауына ықпал етеді.

Осыған байланысты, дөңгелек үстел жұмысында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің кәсіби жауапкершілікті кепілдендіру жүйесін енгізу туралы, «медициналық қате» және «ұқыпсыздық» түсініктерін ажырату және денсаулыққа зиян келтіргені үшін медицина қызметкерлерінің жауапкершілігін жеңілдететін өзгерістерді қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамаға енгізу туралы ұсыныстары талқыланды.

«Қазақстан Республикасында медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігіне кепілдік беру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ұсынылған Заң жобасының тұжырымдамасы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайтында және ашық НҚА порталында талқылау үшін орналастырылды.