ДДҰ сарапшылары Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының ұлттық орталығына келді

ДДҰ сарапшылары Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының ұлттық орталығына келді

ДДҰ-ның Еуропалық бюросы директоры Жужанна Якабтың бүгінгі Қазақстан Республикасына сапарының шеңберінде Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының ұлттық орталығына келді.

Жужанна Якаб ханымның басшылығымен келген өкілдер және ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі  Алексей Цой Орталықтың Ұлттық скринингтік бағдарламаны іске асыру, адамдардың өз денсаулықтарына қатысты мінез-құлқын өзгерту технологиялары, қауіп-қатер факторлары мен инфекциялық емес аурулардың бастапқы профилактикасы, МСАК мамандарының әлеуетін көтеру мәселелері жөнінде бастақы буын ұйымдарына ұйымдастыру-әдістемелік қолдау көрсету бойынша жұмыстарымен танысты. Сонымен қатар республикада Қоғамдық денсаулықты сақтау қызметін құру шеңбері мен Алматы МСАК декларациясының 40 жылдығының және Таллиндік хартияның 10 жылдығының қарсаңында өте өзекті болып саналатын қоғамдық денсаулықты сақтау мен медициналық-санитарлық алғашқы көмекті біріктіру мәселелері талқыланды.

Кездесуге қатысушылар СӨСҚПҰО негізінде үздік халықаралық және ұлттық тәжірибесі көрсету үшін ДДҰ-ның Серіктес орталығының жұмысының, сондай-ақ Тұрақты дамудың салауатты өмір салтын қамтамасыз ету мен кез келген жастағы барлық қазақстандықтың саулығына ықпал ету бойынша үшінші мақсатына қол жеткізу мәселелеріндегі Орталықтың қызметінің маңыздылығын атап айтты.

Қортындылай келе, вице-министр А.В. Цой денсаулықты нығайтуда мінез-құлықты өзгерту, қоршаған орта мен әлеуметтік аспектілерді қамтитын кешенді үш бірыңғай тәсілдері қарастыратын Қоғамдық денсаулықты сақтау қызметін қалыптастырудың жаңа үлгісін баяндады. Халықтың денсаулығын нығайту мен сақтау түрлі қызметтер саласындағы тиісті стратегияларды дамыту мен ресурстарды жұмылдыру ғана емес, осы бағыттағы мемлекет, жұртшылық пен халықтың қызметтерін біріктіруді қамтамасыз ету үшін тұрақты және тиімді институционалдық негіздерді құруды талап ететіні белгілі. Қоғамдық денсаулықты сақтау қызметінің басты бағыттары мүдделі мемлекеттік органдармен (санитарлық-эпидемиологиялық, экологиялық, ветеринарлық қызметтермен) бірге қоғамдық денсаулықты басқару, МСАК-тың ведомствоаралық өзара әрекетінің негізінде салауатты өмір салтын ағарту, кеңсе беру, насихаттау, ынталандыру арқылы халықтың денсаулығы мен  мінез-құлықтық стереотиптерін қолдау бағыттарын өзгерту болып табылады.