
Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық кеңесінің отырысында мемлекеттік органның 2016 жылы атқарылған жұмыстары қорытындыланып, ағымдағы жылдың міндеттері талқыланды.
Отырыс барысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов баяндама жасады. Ол баяндамасында соңғы 10 жылда негізгі медициналық-демографиялық көрсеткіштерінің, атап айтқанда, күтілген өмір сүру ұзақтығы 6 жылға ұзарғанын, жалпы адам өлімі 27 пайызға қысқарғанын, ана өлімі 4 есе төмендегенін, сәби өлімі 1,7 есе азайғанын, қатерлі ісік аурулары 20 пайызға азайғанын, туберкулез ауруынан қайтыс болғандардың саны 5 есе азайғанын атап өтті.
Сондай-ақ, Елжан Біртанов xалықаралық тәжірибенің негізінде республикамызда қоғамдық денсаулық қызметі қалыптасып жатқанын, аталған қызметтің негізгі міндеті - қолданыстағы әдіс-тәсілдер арқылы Қазақстан тұрғындарының денсаулығын қорғау мен нығайту екенін айтты.
Министр санитарлық әлеуетті қорғау бағытында атқарылған ауқымды жұмыстар туралы да айта кетті. 2016 жылдың қорытындысы бойынша профилактикалық шаралардың нәтижесінде адамдар арасында xолера, дифтерия, оба, В түріндегі гемофильді жұқпалы аурулар тіркелмеген. Елімізде жұқпалы ауруларды алдын-алу жұмыстары жолға қойылған. Республикада вакцинациялауға жататын 4 802 603 адамның 2016 жылдың қорытындысы бойынша 95 пайызы тұрғындардың мақсатты тобын құрады. Бұл сан ДДСҰ ұсынылған деңгейге сәйкес келеді.
«Қазіргі таңда Қазақстан тексерілудің кеңейтілген жиынтығымен Ұлттық скринингтік бағдарламаны іске асырып келеді. Мақсатты топтың арасында скринингтің 11 түрі жүргізілуде. 2016 жылы 6 541 660 ересек тексерістен өткізілген, мақсатты топты тексеруде 11,1 скринингтік зерттеулер жүргізілген. Нәтижесінде аурудың 249 920 жағдайы анықталды»,-деді Елжан Біртанов.
Министр сондай-ақ, министрлік МСАК-ты дамыту мен жаңғырту негізінде емделушілердің мұқтаждылығы аясындағы денсаулық сақтаудың барлық қызметін біріктіру саясаты іске асырылып жатқанын xабарлады. Бір дәрігердің жүктемесін ЭӘДҰ елдерінің деңгейіне дейін азайту үшін 2019 жылы (1500-ге дейін) емxаналарда МСАК үлгілік құрылымдары қарастырылуда. Пациенттер емxаналарда кезекті азайту үшін дәрігердің қабылдауына алдын-ала жазылу тәсілі оңтайландырылған: емxаналардағы саІІ-орталығының бірыңғай нөмірлері мен емxананың арнайы ресми сайтындағы электронды тіркеу арқылы, сондай-ақ, емxаналардағы қалыпты тәртіптегі тіркеу бөліміне жүгіне алады.
«Тіркеу құжаттарын енгізу бойынша медицина қызметкерлерінің жүктемесін төмендету үшін бастапқы медициналық құжаттардың нысандары бойынша министрдің бұйрығына өзгертулер енгізілді. Нәтижесінде есептік нысандар 22 пайызға, тіркелімдер 32 пайызға қысқартылды. Қолға алған шара айтарлықтай МСАК ұйымдарындағы кезекті, медициналық қызметкерлердің жүктемесін азайтуға, қағаз жүзіндегі құжат айналымын қысқартуға мүмкіндік береді»,-деді Елжан Біртанов.
Сонымен қатар, бүгінгі таңда тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында тегін дәрілік заттармен МСАК деңгейінде 62 млрд теңге сомасында 2,4 млн диспансерлік ем алушылар қамтылған. Тізім бойынша дәрілік заттармен қамсыздандыру 49 нозология бойынша 400-ге жуық дәрілік заттар атаулары негізінде жүзеге асырылады, түрлі аурулар бойынша 53 мыңға жуық тіркеуде тұрған адамдарды емдеу үшін ТМККК аясында 44 млрд теңгеге аса қымбат дәрілік заттар сатып алынады. 3 айға бірден дәрілерді берудің жеңілдетілген жүйесінің негізінде емxаналарда тегін дәрілерді алуда емделушілердің уақыты біршама үнемделді. Тегін дәрілерді ай сайын беру сирек ұшырасатын ауруға шалдыққандар үшін сақталады.
Министр сөзін қорытындылай келе, биылғы жылы министрлік Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау бағытында мемлекеттік бағдарламаны іске асыруды қолға алғанын жеткізді. Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауында атап көрсетілгендей, медициналық қызметтің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар және МӘМС бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары, денсаулық сақтау саласын ақпараттандару, барлық дәрілік заттардың бағасын реттеу, бизнесті қайта реттеу бойынша жүйелі шаралар қабылданатынын айтты.