
Бүгін Астана экономикалық форумы аясында ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен Словения Республикасының Экономикалық даму және технологиялар министрі Здравко Почивалшектің кездесуі өтті.
Кездесу барысында Елжан Біртанов денсаулық сақтау саласындағы екіжақты ынтымақтастық аясында фармация және қазақстандық медициналық білім беру сияқты бағыттар бойынша жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.
ҚР Денсаулық сақтау министрі атап өткендей, Қазақстанның фармацевтика нарығында елдегі дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника сапасының Мемлекеттік тізіліміне Словения Республикасында өндірілетін емдік дәрі-дәрмектердің 264 түрі және медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың 7 түрі енгізілген және тіркелген. Сондай-ақ ол словениялық өндірушілер құны барынша төмен атауларға топтастырылғандығын, атап айтқанда дәрілік заттардың бір бірлігі үшін 1000 теңгеге дейінгі баға диапазонында болатынын мәлімдеді.
Бұдан басқа, медициналық білім беру саласындағы ынтымақтастықты атап өткен болатын. Қазіргі уақытта Астана медицина университеті мен Люблян Университеті арасында, сондай-ақ Марибор Университетімен меморандум жасалды. Меморандумдар аясында оқыту сипатындағы іс-шараларды өткізу үшін ғылыми-зерттеу жұмыстары, медицина кадрларының біліктілігін арттыру мен мамандандыру, ғалымдар мен оқытушылар арасындағы өзара тәжірибе алмасу салаларындағы ынтымақтастық жүзеге асырылады.
Өз кезегінде, Словения Республикасының экономикалық даму және технологиялар министрі Здравко Почивалшек сауықтыру туризмі және басқаларды дамыту мәселелеріне қызығушылығын білдірді.
