
Бүгін Денсаулық сақтау Вице-министрі – ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов Дүниежүзілік азық-түлік қауіпсіздігі күніне арналған «Салауатты болашақ үшін қауіпсіз азық-түлік» атты дөңгелек үстелге қатысты.
Дүниежүзілік азық-түлік қауіпсіздігі күні осы мәселеге назар аударуды және азық-түлік тізбегінің барлық қатысушыларын қауіп-қатердің, нәтижесінде тамақ аурулардың пайда болуын алдын алуға, анықтауға және азайтуға бағытталған шараларды қолдануға шақырады.
Е. Қиясов атап өткендей, халық тұтынатын тамақ өнімдері кейінгі ұрпақтың өмір сүру деңгейі мен әл-ауқатын анықтайды. ДДҰ-ның бағалауы бойынша, бактериялармен, вирустармен немесе паразиттермен ластанған, сондай-ақ улы немесе химиялық заттармен уланған тағамдарды тұтыну жыл сайын азық азық түліктен болған аурудың 600 миллион жағдайы мен 420 000 өлімге әкеледі.
Оның айтуынша, цифрлық технологиялар ғасырындағы өндіріс тізбегі айтарлықтай күрделене түсті, сондықтан тамақ қауіпсіздігіне байланысты кез-келген қолайсыз оқиғалар халықтың денсаулығына, сондай-ақ бүкіл әлемдегі сауда, жұмыспен қамту және экономикаға кері әсерін тигізуі мүмкін. Сондықтан азық-түлікпен қамтамасыз етуде ғылыми қағидаттар мен тәсілдерді қолдану ерекше рөл атқарады. Бұл денсаулыққа қамқорлық жасап қана қоймай, халықаралық сауда мен экспорттық әлеуетті дамытуға әсер ететін негізсіз шаралардың қабылдануына жол бермейді. Өйткені, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі - бұл біздің денсаулығымыздың кепілі ғана емес, сонымен қатар экономика мен жалпы елдің дамуындағы табыс.
«Аталған мәселелерді шешу үшін ФАО және ДДҰ қамқорлығымен «Кодекс Алиментариус» Комиссиясы құрылды. Комиссия әзірлейтін халықаралық стандарттар мен рәсімдер Дүниежүзілік сауда ұйымы үшін әділ сауданың негізгі өлшемі болып табылады. Қазақстан аталған ұйымда өзін мойындауға қол жеткізді және екінші мерзім ішінде Еуропа аймағы бойынша үйлестіруші болып табылады, оған 52 мүше, оның ішінде Еуропалық Одақ та кіреді», - деп атап өтті ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері.
Дөңгелек үстел отырысына ДДҰ, ФАО халықаралық ұйымдарының Халықаралық Эпизоотиялық Бюроның өкілдері, мемлекеттік органдар, ғылыми ұйымдар, Қазақстан Республикасының өндірушілер мен тұтынушылардың құқықтарын қорғау одақтары мен қауымдастықтары қатысты.
Сондай-ақ, ҚР МСАК негізін қалаушы, айтулы Алматы конференциясының ұйымдастырушысы, тарихи «Әлемдік денсаулық сақтаудың Ұлы Хартиясы» қабылданды, Қазақстанда нутрициологияның негізін қалаушы, ҚР ҰҒА академигі, РМҒА академигі, Дүниежүзілік денсаулық сақтауды дамытуға қосқан зор үлесі үшін Леон Бернард атындағы ДДҰ Қорының лауреаты, Қазақ тамақтану академиясының президенті Төрегелді Шарманова баяндама жасады.
Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша қатысушылар Дүниежүзілік азық-түлік қауіпсіздігі күнінің жаһандық сын-қатерлер кезеңіндегі ерекше маңыздылығын, тұтынушылардың денсаулығын және адал сауда тәжірибесін қорғау мақсатында Азық-түлік жүйесінің барлық қатысушылары арасында тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы тұрақты өзара іс-қимылды қамтамасыз етудің маңыздылығын мойындаған Қарар қабылданды. Сонымен қатар, олар ҚР-да тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша үздік әлемдік тәжірибелерді енгізу қажеттілігін, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз етуде білімнің, ғылымның рөлін күшейту және тәуекелдерді бағалау қажеттілігін, тұтынушылардың қауіпсіз және сапалы тамақ өнімдеріне өз құқықтары туралы хабардар болуын арттырудың маңыздылығын атап өтті.