Балаларды қорғау халықаралық күні еліміздің медициналық ұйымдарында «Осы әлемді балаларға сыйлаймыз» ұранымен іс-шаралар өтеді

Балаларды қорғау халықаралық күні еліміздің медициналық ұйымдарында «Осы әлемді балаларға сыйлаймыз» ұранымен іс-шаралар өтеді

Балаларды қорғау халықаралық күні еліміздің медициналық ұйымдарында «Осы әлемді балаларға сыйлаймыз» ұранымен іс-шаралар өтеді. Олар - бейінді мамандарды тартумен өтетін ашық есік күндері, оның барысында неонаталдық скрининг және балаларды профилактикалық тексеріп-қарау ұйымдастырылады.

Балалар ауруханаларында және стационарлық емдеудегі балаларға арналған бөлімшелерде концерттік бағдарламаларды, қызықты старттарды, сурет салу конкурстарын ұйымдастырумен мерекелік іс-шаралар өтеді. Осы күні туылған балаларға перзентханаларда сыйлықтар беріледі. Жастар денсаулығы орталықтарында жасөспірімдер медициналық-психологиялық консультациялар алады.

Балаларды иммундауға ерекше назар бөлінді. ҚР Профилактикалық егулердің ұлттық күнтізбесі 21 инфекциялық ауруға қарсы профилактиканы қамтиды және ДДҰ ұсыныстарына сәйкес. Тұрғындарды иммундау тегін жүргізіледі, ДДҰ сертификатталған вакциналар қолданылады, яғни олардың сапасына кепілдік берілген. Әлемде вакцинация - инфекцияларға қарсы күресудің ең тиімді, үнемді және қолжетімді құралы болып танылды. Бұл өлім көрсеткішін азайтудың және өмір сүру ұзақтығы ұлғаюының маңызды құралдарының бірі болып табылады.

Өткізілетін іс-шаралардың мақсаты: балалардың денсаулығын нығайту, баланың дамуы үшін қолайлы жағдай жасау, денсаулық үшін ортақ жауапкершілікті қалыптастыру және қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын дарыту болып табылады.