ҚР Денсаулық сақтау министрі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымындағы инфекциялық емес созылмалы аурулар және салауатты өмір салтын насиxаттау бөлімшесінің директорымен кездесті

ҚР Денсаулық сақтау министрі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымындағы инфекциялық емес созылмалы аурулар және салауатты өмір салтын насиxаттау бөлімшесінің директорымен кездесті

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропалық өңірлік бюросының инфекциялық емес созылмалы аурулар және салауатты өмір салтын насиxаттау бөлімшесінің директоры Гауден Галеамен кездесті.

Кездесу барысында 2018-2019 жылдарға арналған әріптестік туралы екіжақты келісімнің мәселелері, сондай-ақ, қоғамдық денсаулық сақтау жүйесіндегі инфекциялық емес созылмалы ауруларды алдын- алу мәселелері талқыланды.

Естеріңізге сала кетсек, аталған бөлімшенің негізгі мақсаты- жер бетіндегі барлық xалықтардың денсаулығын жақсартуға қол жеткізу, жұқпалы және жұқпалы емес  аурулармен күрес жүргізу.