ҚР Денсаулық сақтау министрі рак терапиясы бойынша атом қуаты xалықаралық агенттігінің іс-қимыл бағдарламалар директорымен кездесті

ҚР Денсаулық сақтау министрі рак терапиясы бойынша атом қуаты xалықаралық агенттігінің іс-қимыл бағдарламалар директорымен кездесті

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов рак терапиясы бойынша атом қуаты xалықаралық агенттігінің іс-қимыл бағдарламалар директоры Нелли Энверем-Брамсонмен кездесті.

Кездесу барысында денсаулық сақтау саласының мәселелері бойынша екіжақты әріптестік мәселелер талқыланды. Ағымдағы жылдың маусым айында imPACT миссиядан ұсыным алады деп күтілуде. Осыған сәйкес, Қазақстан Республикасының онкологиялық қызметін дамытудың стратегиялық жоспары әзірленетін болады.

Сондай-ақ, онколог дәрігерлерді оқыту және онкологиялық ауруларды анықтауға бағытталған скринингтік бағдарламаларды жандандыру бойынша жұмыстар күшейтілген.

Айта кетсек, Қазақстанда 2012-2016 жылдар аралығында онкологиялық көмекті дамыту бағдарламасы жүзеге асырылған болатын. Бұдан өзге 2008 жылы ана жатыры мойнындағы ракқа цитологиялық скрининг жүргізу енгізілді. 2013 жылы Ұлттық скринингтік бағдарлама кезең-кезеңімен кеңейтілді. Қазіргі таңда барлық елдерде ана жатыры мойнындағы және  сүт безіндегі ракқа скрининг жүргізілуде.

Айта кетсек, атом қуаты xалықаралық агенттігінің imPACT  миссиясы елімізде ракқа қарсы күрес бойынша көмек көрсету үшін  2004 жылдан бері қызмет етуде.