
Дүниежүзілік денсаулық сақтау Ассамблеясының 70-ші сессия отырысы аясында Женевада ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Иран Ислам Республикасының Денсаулық сақтау және медициналық білім беру министрі Сайед Хасан Хашемимен кездесті.
Кездесу барысында жиналған тараптар денсаулық саласындағы қазақстан-иран әріптестігінің мәселелерін талқылады. Атап айтсақ, трансплантологияда Иранның тәжірибесін қолдану, биотеxнологиялық орталықтардың ғылыми-зерттеу зертxаналарын құру, сондай-ақ, жетекші ирандық медициналық клиникалар мен орталықтармен әріптестік орнату.
Жиналған тараптар денсаулық сақтау және фармация саласындағы әріптестік туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Иранның Денсаулық сақтау және медициналық білім беру министрлігі арасындағы өзара қарым-қатынас туралы Меморандумға қол қою жобасының мәселелері бойынша өзара пікір алмасты.
Кездесу соңында Елжан Біртанов өзінің әріптесіне ағымдағы жылдың 15-16 маусым аралығында Астана қаласында өтетін Х -шы Астана экономикалық форумының жұмысына қатысатыны үшін алғысын жеткізді.
