
Конго-қырым геморрагиялық қызбасына (бұдан әрі-КҚГҚ) күдікпен ауруханаға жатқызылған Жамбыл облысы Сарысу ауданының екі тұрғынының диагноздары дәлелденбеді.
Эпидемиологиялық кезеңнің басынан бастап аймақта кененің шағуынан 400-ге жуық адам зардап шеккен, дәл солар аурудың тасымалдаушысы болып табылады. Негізінен Талас, Сарысу, мойынқұм, Жамбыл және Байзақ аудандарында. Аталған кезеңнен бері КҚГҚ – на күдікпен 17 адам ауруханаға жатқызылған, барлығында зертханалық зерттеу нәтижесі теріс болған.
КҚГҚ – дененің қызбасымен, жалпы организмнің улануымен және айқын тромбогеморрагиялық синдроммен, жоғары өлім-жітіммен суреттелетін жіті вирустық адам ауруы. Адамдардың инфекция жұқтыруы вирус жұқтырған кенелер шаққанда, ауырған адамның қанымен қан араласқан сұйықтарымен жанасқанда, ішінді вирусы бар материалдардың теріге және шырышты қабықтарға тигенінде, кененің сұйықтықтары бөлініп адам денесінің ашық жерлеріне малдарды қырыққанда немесе қолмен тазалағанда шашырағанда, КҚГҚ-мен зертханалық жағдайда жұмыс атқарғанда, ауруларға күтім жасағанда үйдегі аурумен қатынаста болған адамдар мен медицина қызметкерлері болады.
Ауруды ерте анықтау және медициналық көмек көрсету үшін ең бастысы халықтың және медициналық қызметкерлердің қырағылығы болып табылады.
Жамбыл облысының аумағы КҚГҚ бойынша эндемиялық зона екені ескеріліп, қоғамдық денсаулық сақтау органдары мен медицина мекемелерінің қызметкерлерімен тұрғындар арасында осы аурудық профилактикасы жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
Уақытылы медициналық көмек көрсету үшін барлық аймақтың барлық денсаулық сақтау ұйымдары толық көлемде вирусқа қарсы препараттармен және жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етілген.