
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі шарушылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың: С. Ж. Асфендияров, ҚазҒЗИ онкология және радиология, Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ, Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы, М. Оспанов атындағы Батыс-Қазақстан мемлекеттік медуниверситеті, Семей қаласы мемлекеттік медициналық университеті, Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы және Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау ұлттық орталығының Байқаушы кеңесінің мүшелігіне бос орындарға орналасу үшін конкурс жариялайды.
Конкурсқа қатысушылар осындай біліктілік талаптарына сәйкес болуы тиіс, жоғары білімнің болуы, сондай-ақ мынадай шарттардың бірі: жұмыс тәжірибесі кемінде 10 жыл және білім және денсаулық сақтау салаларында басшылық қызметінде жұмыс тәжірибесі кемінде 5 жыл; осы салалардағы қоғамдық бірлестіктердегі мүшелік.
Бақылау кеңесінің мүшесі ретінде төмендегі тұлғалар сайлана алмайды: сотталғандығы жойылмаған болмаса сотталу мерзімі өтелмеген; оның банкротқа ұшырағаны туралы шешімді қабылдағанға дейін бір жылдан аса уақытта заңды тұлғаның басшысы қызметін атқарғандарға; бұрын жемқорлық құқықбұзушылық жасағандар және мемлекеттік кәсіпорын басшысының болмаса бақылау кеңесінің өзге де мүшелерінің жақын туған-туысқандары.
Байқаудың қатысушылары біліктілікті арттыру, ғылыми деңгей мен атағы, ғылыми жарияланымдары туралы, бұған дейін қызмет атқарған жұмыс орынының басшысы атынан мінездемені және тағы басқа қосымша ақпараттарды ұсына алады.
Байқаудың қатысушылары үшін қажетті барлық ақпараттарды, құжаттардың тізімдерін, байқау өтінішін рәсімдеу тәртібін және құжаттардың жиынтығын жіберу мекенжайын төмендегі сілтемеден http://mz.gov.kz/ru/kategorii/vakansii-podvedomstvennyh-organizaciy таба аласыздар.
Қосымша сауалдарыңыз бойынша ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің кадрлық қызметі басқармасына мына телефон (7172) 74-32-45 нөмірі арқылы жүгіне аласыздар.