Елжан Біртанов Қостанай облысының медицина қызметкерлері қауымымен кездесті

Елжан Біртанов Қостанай облысының медицина қызметкерлері қауымымен кездесті

Бүгін Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев бастаған Үкімет делегациясының құрамында Қостанай облысына барған жұмыс сапары аясында  бірқатар денсаулық сақтау объектілерінде болып, аймақтың медицина қызметкерлері қауымымен кездесті.

№2 қалалық емханада  министр  АМСК ұйымдарына тіркелген, әсіресе міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысу үшін өз мәртебелерін анықтаған қостанайлық белсенді азаматтар тізімімен танысты.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының деректеріне сүйенсек, ағымдағы жылдың 15 мамырындағы жағдай бойынша 623 642 адам немесе облыстың 73% тұрғыны МӘМС жүйесі бойынша өз мәртебелерін анықтаған, мамандарға жүгінген қалған азаматтар Мемлекеттік кіріс департаментіне, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына және басқа мемлекеттік органдарға жіберілді.

 «Жемчужина Стомед Уральская» көпсалалы медицина орталығында  министр  сандық рентген жүйесі, бейне-эндоскопиялық құрал-жабдықтар, ультрадыбыстық диагностикалық жүйе қолданылатын клиниканың  жабдықталу жағдайымен танысты.

Медицина орталығы МЖК механизмдерін қолдану жүзеге асырылған жоба,  және де денсаулық сақтауды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының «жеке медицинаны дамыту негізінде алғашқы медициналық-санитарлық көмек жүйесін кеңейту» басым бағыттарына енеді.

Облыстық және қалалық медициналық ұйымдарының бас дәрігерлерімен және орынбасарларымен, Денсаулық сақтау басқармасының ұжымымен кездесуде Елжан Біртанов денсаулық сақтау саласын жұмылдыру, саланы кадрлармен қамтамасыз ету мәселелерін көтеріп, міндетті медициналық сақтандыру жүйесін енгізу бойынша қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап берді.

Әсіресе ауылдық ауруханаларда салалық дәрігерлердің жеткіліксіздігі проблемасын қозғаған ведомство басшысы өте жеткіліксіз мамандарды басқа аудандардан, қалалардан, облыс орталығынан іссапармен жіберуді ұсынды. Сонымен бірге, ол көбіне жеке секторлардан тәжірибелі мамандарды (заңгерлер мен экономисттерді қоса) тартуға кеңес берді.

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Еркен Дәуітбаевтың баяндамасында аталғандай, медицина кадрларының жеткіліксіздігі тұрақты үдеріске  айналып, мамандар жеткіліксіздігі көрсеткіші бүгінде 400 медицина қызметкерін құрайды, оның ішінде ауылда 96 мамандар жетіспейді, 119 маман-дәрігер өте қажет. 

Министр сондай-ақ, медицина қызметкерлерінің еңбекақыларын көтеру турасындағы өз пікірімен де бөлісті. «Әрине, бірден жалақы артады деп күту орынсыз. Бұл мәселе, өз орнымен, өз бетінше шешілуі тиіс. Шаруашылық жүргізу формасына көшіңіздер – ШЖҚ-ның жаңа заңдық  мәртебесінің болашағы зор. Шешім шығаруда басшылыққа дербестік береді, ресурстарды мейлінше тиімді пайдалануға және тұрғындарға сапалы медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді», - деді медицина ұйымдары басшыларына Е.Біртанов.

МӘМС басымдықтары туралы айта келе, Е.Біртанов медицина дамуының әлемдік үрдісі денсаулықты қорғауда  мемлекет, азамат және жұмыс берушінің ортақ жауапкершілігіне көшумен байланысты екендігін атап өтті.  2018 жылдың 1 қаңтарынан Қазақстанның әрбір азаматы әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі арқылы медициналық көмек алатындығын ескертті. 2017 жылдың 1 шілдесінен-ақ төлеушілердің жекелеген санаттары, ол дегеніміз жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлер,  Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына алғашқы аударымдар мен жарналарын аудара бастайды. 

Өз кезегінде, медицина қызметкерлері қауымы денсаулық сақтау саласын жұмылдыру жөніндегі барлық бастамаларды қолдайтындықтарын білдірді. 

Денсаулық сақтау жүйесінің қолданыстағы бюджеттік үлгісіне қарағанда, МӘМС жүйесі халық денсаулығын қорғау саласында  мемлекет, жұмыс беруші және әр адамның өзі тарапынан ортақ жауапкершілік қарастырылған. Медициналық сақтандыру жүйесінің негізінде үш базалық қағидат жатыр – әлеуметтік бағыт, барлық азаматтар үшін міндеттілік және табыстары мен жарналарына қарамастан сақтандыру аясындағы медициналық қызмет пакетіне бірдей қолжетімділік. МӘМС жүйесі мемлекеттік және жеке медициналық ұйымдар арасында бәсекелестікті дамытады, өйткені Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры тұрғындарға жоғары сапалы медициналық көмек көрсететін медициналық қызметті сатып алады.  Жалпы, МӘМС тұрғындар сұранысына жауап беретін денсаулық сақтау жүйесін қалыптастыру  үшін қосымша қаражат тартуға мүмкіндік береді, сонымен бірге медициналық көмек көрсеткені үшін ресми емес және жеке ақы төлеу үлесін азайтады. 

Бұрын хабарланғандай, Қазақстанда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау жүйесінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар  енгізу  туралы» заң жобасына сәйкес медициналық сақтандыру бөлігінде  төмендегідей жарналар және аударымдар мөлшерлемелері ұсынылуда:

- жұмыс берушілердің жарналары: 2017 жылдың шілдесінен бастап мөлшерлеме - 1 %; 2018 жылы - 1,5%, 2020 жылы - 2%, 2022 жылы - 3%;

- жұмыскерлер жарналары: 2019 жылдан - 1%,  2020 жылдан - 2% ;

- жеке кәсіпкерлер, нотариустар, азаматтық-құқықтық негіздегі келісім бойынша кіріс табатын жеке тұлғалар – кірістен, 2017 жылғы шілдеден бастап 2 ЕТЖ-дан 5% кем емес;

- жұмыс күші тобына кірмейтін (өзін өзі өнімсіз еңбекпен қамтығандар) азаматтар жарнасы -2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 1 ЕТЖ-дан 5%;

- халықтың әлеуметтік қорғалмаған тобы үшін мемлекет төлейтін жарна 2018 жылдың қаңтарынан - 3,75%, 2019 жылдан бастап - 4%, 2022 жылдан бастап – 4-5 % болады. 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының деректері бойынша, Қостанай облысында 40 стационарлық ұйым (1 облыстық балалар ауруханасы мен 1 облыстық аурухана), 1 офтальмологиялық аурухана, 7 қалалық аурухана, 2 психиатриялық аурухана, 7 стационары бар диспансер, 1 бала босану үйі, 2 перинатальдық орталық, 16 орталық аудандық аурухана, 2 ауылдық аурухана); 466 амбулаториялық-емханалық ұйым және АМСК объектілері (3 жедел медициналық жәрдем станциясы, 1 ЖИТС орталығы, 7 емхана, 39 дәрігерлік амбулатория, 76 фельдшерлік-акушерлік пункт, 340 медициналық пункт) тұрғындарға емдік-профилактикалық көмек көрсетеді. Аймақтың медицина саласында 1 658 дәрігер мен 6 295 орта буын медицина қызметкерлері еңбек етеді.