
Бүгін Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елімізде балалардың қауіпсіздігі бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтты.
А. Цой атап өткендей, республикада демографиялық көрсеткіштердің оң динамикасы байқалады. Сонымен, 2020 жыл бала туудың 4,7%-ға күрт өсуімен сипатталады, мұндай көрсеткіш соңғы рет 1987 жылы байқалды. Туу деңгейінің жоғары болуы аясында, пандемия және денсаулық сақтау жүйесінің шамадан тыс жүктелуі жағдайындағы қауіп-қатерлерге қарамастан, нәрестелер өлім-жітімінің көрсеткішін 7,1% - ға төмендетуге қол жеткізілді. Балалар өлімінің көрсеткіші 12,1% - ға төмендеді.
Балалардың денсаулық жағдайын жақсарту, сондай-ақ нәрестелердің өлімін азайту үшін елімізде бірқатар жүйелі шаралар іске асырылуда. Атап айтқанда, аурулар мен даму бұзылыстарын уақтылы анықтау үшін профилактикалық тексерулермен 4,4 млн.бала, скринингтермен 900 мыңнан астам ерте жастағы бала қамтылған, вакцинамен басқарылатын 12 инфекциялық ауруға қарсы балалар халқының 90,7%–ға жуығы иммундаумен қамтылған. Ерте жастағы балаларға күтім жасау мәселелері бойынша консультация беру үшін 523 баланы дамыту кабинеті ұйымдастырылды, 2020 жылы 96 ауруы бар 877 869 бала жалпы сомасы 24 млрд.787 млн. теңгеге тегін дәрілік қамтамасыз етумен қамтылды. ЮНИСЕФ-тің ұсынысы бойынша емшек емізуді қолдау үшін 33 медициналық ұйымға «Балаға достық қарым-қатынас ауруханасы» мәртебесі берілді, балаларды тек емшек сүтімен қамтудың 85,6% - ына қол жеткізілді.
2017 жылы мектептерде балалардың денсаулығын қорғау үшін білім беру жүйесінен 6 мыңнан астам медициналық пункт қабылданды. Нәтижесінде мектеп медицинасын қаржыландыру 2,6 есеге артты. МӘМС шеңберінде 2019 жылдан бастап оқушыға арналған қосымша жан басына шаққандағы норматив енгізілді, ол қазіргі уақытта 1,7 есеге ұлғайды. Медициналық кабинеттердің жарақтандырылуы 2017 жылғы 52,0% - дан 2020 жылы 70% - ға дейін жақсарды, Дәрігерлермен жасақталу 16% - ға өсті.
«ДДҰ ұсынған тиімді перинаталдық технологияларды, реанимацияның заманауи әдістерін іске асырудың арқасында шала туған балалардың өмір сүру деңгейі 80%-ға дейін артты. Бейінді қызметтерге инновацияларды енгізу балалардың денсаулығын жақсартуға өз үлесін қосты. Неонаталдық хирургия дамуда, жыл сайын туа біткен даму кемістігі бар нәрестелерге 1000-нан астам операциялық араласулар жүргізіледі, олардың тиімділігі 88,5%-ды құрады. Жылына 2 000-нан астам кардиохирургиялық оталар туа біткен жүрек ақауы бар балаларға жасалады, оның 77,0%-ын өмірінің бірінші жылындағы балалар құрады, бұрын бұл санатты балалар тек шетелге жіберілген. Ашық жүрекке жасалатын операциялардың тиімділігі 95,0%-ды, эндоваскулярлық араласулардың тиімділігі 99,5%-ды құрады», - деді А.Цой.
Онкологиялық және гематологиялық көмекті дамытудың маңызы зор. 2012 жылдан бастап ҚР-да гемопоэтикалық дің жасушаларын 245 транспланттау жүргізілді, оның тиімділігі 68,8%-ды, ал транспланттаудан кейін өмір сүру деңгейі 65,8%-ды құрады.
Бұдан басқа, Министрлік Ғылыми, Республикалық орталықтармен бірлесіп, телемедицина бойынша консультациялар ұйымдастыру, республикалық мамандардың шығуы, санавиация желісі бойынша тасымалдау, республикалық орталықтарға ауыстыру арқылы қиын жағдайдағы балаларға күн сайын мониторинг жүргізеді. 2020 жылы балалар арасында 17 131 қиын жағдай байқалды, оның ішінде 10 642 жаңа туылған нәрестелер. Республикалық сарапшылармен 1746 қашықтықтан консультациялар өткізілді. 984 балаға 1194 медициналық қызмет көрсетумен 571 санавиация ұшып шықты, оның ішінде 857-сі тасымалданды. Оның ішінде коронавирустық инфекцияның (COVID-19) асқынуы бар балаларға 12 ұшу бару жүзеге асырылды.
«2020 жылы COVID-19 бар 7 мыңнан астам балаға медициналық көмек көрсетілді, оның 134-і жаңа туған нәрестелер. Үйлестіру және мониторинг жүргізу үшін республикалық ұйымдар мен жоғары оқу орындарының мамандарынан сарапшылар жұмыс тобы құрылды, ол неғұрлым ауыр түрлері бар 91 балаға 105 консультация өткізді, 45 балаға «Мультиқабыну (Кавасаки-ұқсас) синдром» (МЖҚС - мультижүйелік қабыну синдромы) диагнозы расталды. Кешенді шаралар қабылдау (клиникалық хаттама, әдістемелік ұсынымдар әзірлеу, оқыту, консилиумдар) МЖҚС-тан жоғары өлім-жітімді болдырмауға мүмкіндік берді», - деп атап өтті Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.
Мүмкіндігі шектеулі балалардың құқықтарын қорғау үшін балаларды оңалту қызметі дамуда. Елімізде 34 оңалту орталығы жұмыс істейді, оның 3-і республикалық деңгейде. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті қорының бастамасымен «Қамқорлық» жол картасы аясында 8 оңалту орталығы ашылды. Бұл жұмыс жалғасуда.
МӘМС енгізу шеңберінде бір жыл ішінде балаларды оңалтуды қаржыландыру екі есеге дерлік артты, бұл төсек-орын қорын 45,6%-ға кеңейтуге немесе қалпына келтіру емі мен медициналық оңалту қызметтерінің қолжетімділігін 22%-ға жақсартуға мүмкіндік берді.
Сонымен қатар, балалар денсаулық сақтау жүйесіндегі жаңа парадигма аурулардың алдын алуға, ерте диагностикалау мен араласуға аса назар аудара отырып, педиатриялық қызметтің әлеуметтік-профилактикалық бағыты болуға тиіс. Бұл неонаталдық көрсеткіштердің жақсаруына, балалардың аурушаңдығы мен өлім-жітімінің төмендеуіне қол жеткізуге мүмкіндік береді.
«Алдын алу және диагностикалау жүйесін одан әрі жетілдіру, бастапқы және бейінді қызметтерді күшейту жолымен қазіргі заманғы импортты алмастыратын технологияларды дамыту үшін күш салу қажет. Осыған байланысты, ерте араласу, катамнез және орфандық аурулар орталықтарын құру орынды деп санаймыз», - деп есептейді А.Цой.
Министр мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдауға, соның ішінде оңалту көмегінің қолжетімділігін арттыруға бағытталған бірқатар шараларды ерекше атап өтті. Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы денсаулық сақтау жүйесінің балалардың игілігі мен денсаулығы үшін жұмысы жалғасатынына сендірді.