Астана қаласында ауқымды «Ұтқыр медицина» атаулы хакатон өткізіледі

Астана қаласында ауқымды «Ұтқыр медицина» атаулы хакатон өткізіледі

Астана, 2017 жылғы 27-28 мамыр – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі электрондық денсаулық сақтау саласындағы хакатонды өткізеді.

Іс-шара істі жаңадан бастап жүрген стартап командалар, IT-әзірлеушілер мен инноваторлар үшін оларды денсаулық сақтау саласындағы инновациялық шешімдерді әзірлеуге және іске асыруға тарту, сондай-ақ кадрлық әлеуетті анықтау және жас дарынды мамандарды кадрлық жылжыту мақсатында өткізіледі.

Хакатонный тақырыбы - «Ұтқыр медицина». Екі күн ішінде қатысушыларға (командаларға) кейінгіде жетілдіру және нақты практикада қолдану мүмкіндігі берілетін  ұтқыр қосымшаның логикалық аяқталған түптұлғасын құру ұсынылады.

Конкурс шеңберінде әзірленген үздік шешімдер қала аумағында практикалық тұрғыда іске асырылу мүмкіндігін алады. Осыған қоса, хакатонның жүлделік қорымен  шетелде тағылымдамадан өту және зерттемелерді 10 миллион теңгеге дейінгі сомаға коммерциялау мүмкіндігі көзделген.

Хакатонға қатысу үшін істі жаңадан бастап жүрген стартап командалар мен аталған бағыт бойынша бірегей инновациялық шешімдерді әзірлеген барлық жастар шақырылады.

Хакатонға ТЕГІН қатысуға болады.  Іс-шараға алдын ала тіркелу https://hackathon.ezdrav.kz сайты арқылы жүзеге асырылады.

Іс-шаралардың егжей-тегжейі іс-шараны өткізу сайтында, іс-шара ұйымдастырушылары мен  серіктестерінің ресми бетінде, сондай-ақ Facebook әлеуметтік желісінде   жарияланатын болады.

Іс-шараны ұйымдастырушылар: Астана қаласы әкімдігінің қолдау көрсетуімен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК, «Astana Innovations» АҚ, Techpreneurs, Біріккен ұлттар ұйымының, Қазақстандағы БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) және Қазақстандағы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының кеңселері.

Іс-шараның демеушілері: «Қазақстандық жоғары технологиялық, энерготиімді және инновациялық компаниялар қауымдастығы», «Қазақстандық инновациялық технологиялардың ғылыми орталығы».

Іс-шараны өткізу барысында қазақстандық және шетелдік тәлімшілерді тарту жоспарланған, сондай-ақ шақырылған спикерлердің арасында Арман Сүлейменов, Мағжан Мәдиев, Алексей Смирнов, Саят Уважанов, Нариман Мұқышев сияқты IT ортадағы кәсіпкерлер мен басшылар бар.

Хакатон мынадай мекенжай бойынша өткізіледі:

Астана қаласы, Иманов көшесі, 19 - үй, «Алма-Ата» бизнес орталығы, 10 қабат,  1002 кеңсе, AstanaHub стартап инкубатры, басталу уақыты – 27 мамыр, сағат 9.00.