
Дүниежүзілік артериалдық гипертония күні шеңберінде еліміздің барлық өңірлерінде апта бойы халықтың аталған ауруды диагностикалау, емдеу және алдын алу туралы хабардарлығын арттыруға бағытталған акциялар өтеді.
Осыған байланысты, медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарында (МСАК)
қандағы глюкоза деңгейін, артериалдық қан қысымы және дене салмағының индексін анықтаумен ашық есік күндері өтеді. Сонымен бірге, МСАК ұйымдарының медициналық қызметкерлері үшін артериалдық гипертонияның, мінез-құлықтың қауіп-қатер факторларының (шылым шегуден, алкогольді асыра ішуден бас тарту, дұрыс тамақтану принциптерін және физикалық белсенділікті сақтау) және созылмалы инфекциялық емес аурулардың профилактика мәселелері бойынша оқыту семинарлары мен тренингтер өткізіледі.
Мысалы: 13 мамырда Mega Silk Way Astana сауда кешенінде «Өзіңді жоғары қан қысымынан сақта» атты акциясы өтеді. Сол күні әрбір адам «Денсаулық қалашығының» тіркеу орнына келіп, қандағы глюкоза мен холестерин деңгейін, артериалдық қан қысымы және дене салмағының индексін анықтаумен тегін қаралуға, кардиологтың, невропатологтың, эндокринолог пен диетологтың консультациясын, сондай-ақ ұтысқа салынатын бағалы сыйлықтар алуға мүмкіндік беретін тіркеу нөмірін ала алады.
Акция шеңберінде инсульт, инфаркт миокарды, гипертония мәселелеріне арналған интерактивті дәрістер жүргізіледі. Қонақтар үшін стандартты азық-түлік себетінен дайындалған дұрыс тамақтануды және дегустациялауды көрсететін шағын – кухня, сондай-ақ нұсқаушыларымен емдік дене шынықтыру шағын-сабақтары ұйымдастырылады.
Артериялық гипертония туралы халықтың жеткіліксіз ақпараттануы аурудың ауырлығын дұрыс бағаламауға, бұл аурумен сырқаттанғанда аурулардың ерте кезеңінде дәрігер көмегіне жүгінбеуіне, алдын-алуға болатын асқынуларды ерте анықтамау әкеледі.
Артериялық гипертонияның дамуы, артериялық гипертонияның асқынуы болып есептелетін жүрек-қан тамырлары ауруларын алдын алу шараларын тиімді жүргізуге мүмкіндік беретін мәселелерді шешу үшін қоғамның назарын аудару.
Анықтама: ДДДҰ мәліметтері бойынша, әлемде әрбір бесінші ересек адамның қан қысымының көтерілу байқалады, ол инсульт және жүрек ауруларынан болатын өлім-жітім жағдайларының жартысынан көп себебі болып табылады.
Естеріңізге сала кетейік, ДДСҰ бастамасы бойынша Дүниежүзілік артериалдық гипертония күні бүкіл әлемде мамыр айының екінші сенбісінде атап өтіледі.