Бүгін, 2021 жылғы 31 мамырда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының 74-ші сессиясы өз жұмысын аяқтады.
Ақтық пленарлық отырыста А және Б комитеттері басшыларының атқарылған жұмыстар, қаралған мәселелер мен қабылданған шешімдер туралы баяндамалары ұсынылды.
Ресми жабылу салтанатында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен бірқатар мемлекет басшылары, соның ішінде Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Ауғанстан президенті Ашраф Ғани, Аргентина президенті Альберто Фернандез, сондай-ақ Австралия Премьер-министрі Скотт Джон Моррисон, Бутанның Премьер-Министрі Лотай Церинг және Малайзия Премьер-Министрі Мухиддин Ясин сөз сөйледі.
Мемлекет басшылары Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жұмысын қолдауда ынтымақтасқан болатын. Халықтың коронавирустық вакциналарға қол жетімділігі және олардың елдер мен адамдар арасында Адал бөлінуі барлық баяндамалардың басты тақырыбына айналды. Тек бірнеше ел өз халқын вакциналармен қамтамасыз ете алды, ал қалғандары басқа көздерді іздеуге мәжбүр. ГАВИ Альянсы, эпидемияға дайындық жөніндегі инновациялар коалициясы және ДДСҰ бірлесіп жасаған COVAX механизмі вакциналарды донор-елдер мен реципиент-елдер арасында қайта бөлуде үлкен рөл атқарады.
ДДСҰ-ның Бас директоры Тедрос Гебрейесус елдерге өзекті мәселелерді қарастырғаны және қарарлар мен шешімдерді қолдағаны үшін алғыс айтты. Ол адамдардың денсаулығы мен планетаның денсаулығы арасындағы ажырамас байланысты атап өтті.
Гебрейюс мырза пандемия қаупі өтті деп ойламауға шақырды. Бұл жағдайдан шығудың жалғыз жолы – вакциналарға әділ қол жетімділікті қамтамасыз ету.
ДДСҰ-ның Бас директоры болашақ ұрпақтарға сау, қауіпсіз және әділетті әлем құруға уәде беретін алдағы пандемияға дайындық жөніндегі халықаралық конвенцияны тезірек жасасуға шақырды.