Дүниежүзілік мейіргерлер күні аясында Қазақстанның үздік медицина қызметкерлері марапатталды

Дүниежүзілік мейіргерлер күні аясында Қазақстанның үздік медицина қызметкерлері марапатталды

Бүгін Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталықта Дүниежүзілік мейіргерлер күні аясында Қазақстанның үздік медицина қызметкерлері ҚР денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгісімен, құрмет грамоталарымен, алғыс хаттарымен 5 номинация бойынша: «Үздік ауылдық медицина қызметкері», «Үздік БМСК мейірбикесі», «Үздік мамандандырылған мейірбике», «Мейірбике ісінің үздік менеджері», «Медициналық колледждің үздік оқытушысы» марапатталды.   

Құттықтау сөзімен сөз сөйлеген денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева қазір Қазақстанның денсаулық сақтау саласында 170 мыңнан астам орта медициналық қызметкерлер еңбек етеді. Соңғы 10 жылда ҚР-ның орта медициналық қызметкерлермен қамтамасыз етілуі 10 мың адамға шаққанда 2005 жылы 78,6-дан 2016 жылы 96,0 - ға өсті. Мейіргер ісі қызметінің даму үрдісі қазіргі заманғы денсаулық сақтау жүйесінде мейіргер ісі мамандарының рөлін айтарлықтай күшейткенін көрсетеді, ол, ең алдымен, мейіргерлер көмекші ретінде емес, ал дәрігердің тең құқылы, дербес мейірбикелік шешімді қабылдайтын, жоспарлайтын және дәлелді мейірбикелік күтімді жүзеге асыратын серіктесі болып табылатынын атап өтті.

Еуропалық директиваларға сәйкес, білім берудің барлық деңгейінде медбикелік істі дамытуға бағытталған республикада қабылданған бағдарламалық құжаттар («Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы, Мейірбике ісін  дамытудың кешенді жоспары, «Медициналық білім беруді жаңғырту» жол картасы жобасы) оның дәлелі болып табылады – деді ол.

Бүгінгі таңда республикада кіші мейірбикелерді даярлаудан бастап мейіргер ісі магистріне дейін мамандарды дайындаудың көп деңгейлі жүйесі енгізілген Әзірленген біріктірілген білім беру бағдарламалары, академиялық және қолданбалы бакалавриат бойынша жұмыс істейтін мейірбикелерге жеделдетілген бағдарлама бойынша мейіргерлер ісінің жоғары және орта білімнен кейінгі білім алуға мүмкіндік береді. 2014 жылдан бастап республикада мейірбикелерді дайындау қолданбалы бакалавриат бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады. Республиканың жеті медициналық колледжі Жоғары колледждер мәртебесін алды.

Сонымен қатар, жүргізіліп жатқан реформалардың аясында дәрігердің кейбір функциялары, оларға мейірбикелік қабылдауды көздейтін дәрігерге дейінгі тексеру кезінде, науқастарға алдын ала диагноз қою, балалар мен ересек тұрғындардың патронажы,  дәрігердің бақылауымен үзінді рецепт және т. б. дербес шешім қабылдау жауапкершілігі  мейірбикелерге жүктелетін болады.

«Орта медицина қызметкерлері рөлінің өсуіне байланысты денсаулық сақтау саласындағы кадрлық саясаты бағыттарының бірі, мейірбикелер санының көбейту қажеттілігі, тиісінше, олардың функционалдық міндеттерінің шеңберін кеңейту және, әрине, маңызды болып олар өз құзыретінде еңбек нарығында бәсекеге түсуге қабілетті, денсаулық сақтау саласы үшін тәжірибелік мейірбикелер ісі  бойынша даярланған мамандар табылады. Сондықтан, министрлікте кадр саясаты мәселелеріне ерекше назар аударылады» - деп ҚР денсаулық сақтау вице-министрі сөзін қорытындылады.

Сондай-ақ, осы Конференция шеңберінде денсаулық сақтау саласындағы мейірбике рөлін арттыру, патронаждық мейірбике, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу мәселелері талқыланды.

Іс-шара «Жастар театры» әртістерінің концерттік бағдарламасымен аяқталды.