
Беларусь Республикасына іссапары аясында еліміздің Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Беларусь Республикасының Денсаулық сақтау министрі Дмитрий Пиневичпен келіссөздер жүргізді, онда IT саласын дамыту мәселелері талқыланды.
«Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елімізде алғаш рет емес, ол біздегі денсаулық сақтау жүйесін жақсы біледі. Жалпы денсаулық сақтау жүйесі және IT-саласын дамыту бойынша өзара іс-қимылға қатысты екі стратегиялық келісім, сондай-ақ биотехнологиялық өнеркәсіп саласында өзара іс-қимыл бойынша бірқатар келісімдер бар. Әріптестердің бүгінгі сапары тәжірибе алмасумен байланысты», - деп атап өтті Д.Пиневич.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы өз кезегінде екі ел дәстүрлі түрде денсаулық сақтау саласында белсенді ынтымақтастық орнағанын еске салды.
«Біз бүгін Минск хирургия, трансплантология және гематология ҒПО-ға барып, осы саланың Беларусьте қарқынды дамып келе жатқанын көріп отырмыз, елде орган ауыстыру бойынша жақсы рейтингтік позиция бар. Сондай-ақ, біз бұл тақырыптың қалай заңды түрде дұрыс қойылғанын және ең бастысы - осы бағытта жұмыс істейтін дәрігерлердің қаншалықты білікті екенін атап өттік. Бұл жерде елдер арасындағы ынтымақ жоғары», - деп есептейді А.Цой.
Айта кету керек, Қазақстан денсаулық сақтауды ақпараттандыру, фармацевтика, медициналық мақсаттағы бұйымдарды әзірлеу және өндіру және жалпы медициналық білім беру саласындағы ынтымақтастыққа да мүдделі.
«Біз үшін ынтымақтастық маңызды және жақын арада одан да терең интеграциялық процестер болады деп үміттенеміз», - деді ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Алексей Цой.
Сапар аясында А.Цой Минск қаласындағы хирургия, трансплантология және гематология ғылыми-практикалық орталығына барып, Беларусь елінде емделіп жатқан Қазақстан Республикасынан келген пациентпен кездесті.
Сондай-ақ, бүгін Минскіде ТМД Үкімет Басшылары Кеңесінің отырысы өтеді