
Ағымдағы жылғы 26 сәуірде ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың төрағалығымен селекторлық тәртіпте Қарағанды мемлекеттік медициналық университеті (бұдан әрі – ҚММУ) Бақылау кеңесінің (бұдан әрі – БК) отырысы өтті.
Отырыс барысында 2016 жылдың қорытындысы бойынша ҚММУ иелігіндегі таза табыстың бөлігін бөлу және 2017-2021 жылдарға арналған Даму жоспарының түзетулер енгізілген жобасын мақұлдау мәселесі талқыланды.
Бақылау кеңесінің мүшелері сенімді басқаруға берілетін Қарағанды қаласының №1 қалалық ауруханасын жабдықтауға қажетті таза табысты бөлу туралы шешім қабылдады.
Даму жоспарына сәйкес, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімге мамандарды дайындау және оқушыларға әлеуметтік қолдау көрсету, денсаулық сақтау саласындағы қолдаңбалы ғылыми зерттеулерге шығындарды көбейту, ауылдық маңызы бар елді мекендердегі тұрғындарға медициналық көмек көрсету жоспарлануда.
Сондай-ақ, жұмысшылардың еңбек төлемдерінің шығындары тәулік бойы қызмет ететін стационардың ашылуына және шаруашылық-шарттық қызметтерінің кеңейтілуіне байланысты артылды.
Ағымдағы жылғы 12 сәуірде Денсаулық сақтау министрі Е.Біртанов ҚММУ-ның Бақылау кеңесінің отырысында Кеңес төрағасы болып сайланғанын естеріңізге саламыз.