
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған «Жоғары технологиялар күндері» республикалық акциясы аясында Астана қаласындағы Ұлттық кардиохирургия ғылыми орталығының дәрігерлері ағымдағы жылғы 27 және 28 сәуір аралығында Батыс Қазақстан облысының тұрғындарына медициналық көмек көрсететін болады.
Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының мәліметтері бойынша, жыл сайын облыста жүрек ақауы бар 45-55 жуық сәбилер дүниеге келеді. Қазіргі таңда облыста осы ақаумен ауыратын 761 бала тіркелген, оның ішінде, ауыл тұрғындары арасында - 346 және қала тұрғындары арасында -415. Жедел емдеуге 115 адам мұқтаж, оның ішінде олардың 16 - 1 жасқа дейінгі балалар.
Аталған акция аясында жетекші мамандар жүрек ақауымен ауыратын 81 балаға кеңес береді деп жоспарлануда. Ота жасау қажеттілігі туындағанда Астана қаласының Ұлттық кардиохирургия ғылыми орталығына жеткізілетін болады.
Естеріңізге сала кетсек, «Жоғары технологиялар күні» ағымдағы жылдың 31 мамырына дейін жалғасады. Акция барысында еліміздің аймақтарында шеберлік-сыныптар, оталар, республикалық медициналық ұйымдардағы жоғары біліктілікті мамандардың қатысуымен дәрістер өткізілетін болады.