Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық кеңесінің алғашқы отырысында төраға сайланды

Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық кеңесінің алғашқы отырысында төраға сайланды

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде селекторлық тәртіпте Қоғамдық кеңестің (одан әрі – Кеңес) алғашқы отырысы болып өтті. Отырысты Министр Елжан Біртанов ашты. Ол Кеңес құрамы жасақталғанын хабарлап, отырғандарды оның жаңа мүшелерімен таныстырды.

Кеңес төрағасын сайлау үшін жиналған отырыс барысында бірнеше үміткер ұсынылды. Ашық дауыс беру нәтижесінде Еуразия медицина қауымдастығының вице-президенті (ҚР Парламенті Мәжілісінің V шақырылымының депутаты – 2012-2016жж.) Надежда Петухова  Қоғамдық кеңес төрайымы болып сайланды. Кенес жаңа сайланған төрайымның жетекшілік етуімен өз жұмыстарын одан әрі жалғастырды.

Надежда Петухова өзіне артылған сенім үшін Кеңес мүшелеріне алғыс білдіре келе, ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, Кеңес тұрғындарға көрсетілітін медициналық қызмет сапасын жақсартуға, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізуге, жалпы  «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуына күш салатындығын жеткізді.

Сондай-ақ, Қоғамдық кеңес мүшелерінің ішінен Азаматтардың құқықтарын қорғау және өтініштерін қарау; бюджетті жоспарлау және қаржыландыру; Министрліктердің негізгі қызметтері мәселелерін қарау жөніндегі Кеңес комиссияларының төрағалары сайланды.

Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ұсынымдары ескеріліп, ҚР Әділет министрлігімен Кеңестің 2017 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.

Заңнамалар талаптарына сәйкес мемлекеттік органдар азаматтардың құқықтарына, еркіндіктері мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеген кездегі заңдылығын қамтамасыз ету шарттарының бірі, олардың қоғамдық кеңес қарауына жіберілуі болып табылады.

Барлық дәрілік заттардың бағасын реттеу қажеттілігі туралы мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, сондай-ақ дәрілер мен медициналық бұйымдардың қол жетімділігін, сапасын, қауіпсіздігін және орынды қолданылуын қамтамасыз ету мақсатында Министрліктің Фармация комитеті «Ұлттық дәрі-дәрмек саясаты» жобасын ұсынды.  Айтылған ұсыныстар ескеріліп, жоба мақұлданды.  Осы жерде, үстіміздегі жылдың мамыр айында Мәжілісте «Кепілдендірілген ақысыз медициналық көмек аясында тұрғын халықты дәрілік заттармен қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасындағы фармация  саласының жағдайы және оны дамыту» тақырыбында парламент тыңдауы болатындығын атап өту керек.

Сондай-ақ Қоғамдық кеңес отырысы барысында, Кеңес мүшелерінің қарауына ұсынылған «Балаларды мектепке дейін тәрбиелеу және оқыту объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» атты санитарлық ережелер жобасы талқыланды және ескертпелерсіз мақұлданды. Бұл туралы Қоғамдық денсаулықты қорғау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Жандарбек Бекшин хабарлады. 

Анықтама үшін: ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық кеңесінің 16 мүшесінің 12-сі – медицина және фармацевтика қауымдастықтарының, сондай-ақ ҚР Ұлттық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілдері.