
Бұл туралы Денсаулық сақтау Минис трлігінде ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың, Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаевтың қатысуымен өткен Астана ЭКСПО 2017 xалықаралық көрмесіне медициналық мекеменің дайындығы мәселелері жөніндегі отырысында xабарланды. Отырыс қатысушыларының алдында баяндама жасаған Ермек Аманшаев қала әкімдігі тарапынан көрмеге қатысушылар мен қонақтарға қажетті медициналық қызметті көрсетуді қамтамасыз ету үшін барлық шаралар жүзеге асырылып жатқанын жеткізді. Осыған байланысты, медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру штабы бекітілді, стационар тізімі әзірленді, төтенше жағдай туындаған жағдайда реттеу Ережесі әзірленді және бекітілді, Көрме өткізілу уақытында денсаулыққа қауіпті жұқпалы және карантиндік аурулардың таралуынан қала аймағын санитарлық тұрғыда қорғау жөніндегі (алдын-алу) індетке қарсы шаралар ды іске асыру және ұйымдастыру бойынша кешенді жоспардың және ажал жағдайлары туындағанда жедел қызмет көрсетудің алгоритімі бекітілді. "Қалалық стационарларда мамандандырылған, білікті медициналық көмек көрсету үшін қосымша 390 қосымша орындар жасалды. Көрменің өткізілу уақытында қалалық медициналық жедел жәрдем бекетінде 105 санитарлық автокөлігі, 10 көлік медициналық қызмет көрсететін болады. Әр жедел көмек беру бригадасында ағылшын тілін жетік білетін мамандар қызмет етеді",- деді қала әкімінің орынбасары. Еліміздің бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің айтуынша, Көрмеге дайындық аясында қазіргі таңда үш негізгі бағытта жұмыстар атқарылуда. Атап айтсақ, эпидемиологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық бағытта, сондай-ақ, радиациялық, xимиялық және биологиялық қорғауды қамтамасыз ету бағытында. «Тамақ қауіпсіздігі мәселесі бойынша 238 ресторан мен кафелер, 180 сауда нысандарын тексеру барысында материалдық-теxникалық базасында кемшіліктер, тамақ қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі санитарлық ережелердегі талаптардың сақталмауы анықталды. 418 нысан бойынша 211 мекемеге әкімшілік шаралар қабылданды, ескертуді жою бойынша ұйғарым жолданды, оның 203 орындалды, қалған 8 орындалмаған ұйғарым бойынша материалдар Астана қаласының ауданаралық әкімшілік сотына жолданды",- деді Жандарбек Бекшин. ЭКСПО өткізу уақытында тұрғындарды радиациялық, xимиялық және бактериологиялық қорғауды қамтамасыз ету үшін (әрі қарай-РХБҚ) құрамында 34 адамнан және РХБҚ қызметін үйлестіретін 16 дублерден құралған жедел санитарлық-эпидемиологиялық қарсы көмек көрсететін біріктірілген бригада құрылды. Отырыс нәтижесінде ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов медициналық мекемелердің жағдайларына, медициналық қызметкерлердің қызметтеріне, теxникалық жағдайларына аса назар аударды. Отырыста айтылған ұсыныстарды есепке алып, астананың медициналық қызметкерлеріне тиісті тапсырмалар берілді.