Қазақстанда «Депрессия: сөйлесейік» ұранымен Дүниежүзілік денсаулық күні атап өтіледі

Қазақстанда «Депрессия: сөйлесейік» ұранымен Дүниежүзілік денсаулық күні атап өтіледі

Жыл сайын 7 сәуірде,Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы құрылған күні,Дүниежүзілік денсаулық күні аталып өтіледі.2017 жылыбұл күн «Депрессия: сөйлесейік» ұранымен өтеді.

Іс-шараны өткізудің мақсаты: қоғамдыдепрессия салдары мен күресу жолдары туралы ақпараттандыру, депрессияға шалдыққан адамдарға қолдау көрсету.

Депрессия туралы сөйлесіп, одан тез арада шығу мүмкін емес шығар, бірақ ол туралы айта бастау - депрессиядан шығудың бірінші маңызды қадамы болуы мүмкін.

Бұл күні медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарында психикалық денсаулықты сақтау мен күшейтудің, психикалық бұзылулардың таралуын азайтудың маңыздылығы туралы халықтың ақпараттандырылуын арттыру мақсатында бейінді мамандардың тегін кеңестері ұйымдастырылады. Бейінді денсаулық мектептерінде психикалық денсаулықты сақтау, отбасында жағымды психикалық ортаны құру бойынша сабақтар, сондай-ақжастар, жасөспірімдер және созылмалы жұқпалы емес аурулары бар пациенттер арасында депрессияның алдын алу бойынша семинарлар өтеді.

Депрессияға кез-келген адам өмірінің кез-келген кезеңінде шалдығуы мүмкін.Депрессияға шалдыққан адамдардың көңіл күйінің бұзылуы,күш-қуатыныың жетіспеуі, тәбеттің төмендеуі, ұйқышылдық немесе ұйқысыздық, алаңдау, зейіннің төмендеуі, батылсыздық, мазасыздық, өзін кінәлі немесе шарасыз сезіну, сондай-ақ өзіне зиян келтіру немесе өзіне-өзі қол жұмсау туралы ойлаубелгілері болады.

Қандай да бір жағымсыз оқиғаны (жұмыстан шығу, жақын адамынан айырылу, психологиялық жарақат алу және т.б.) басынан өткізген адамдарда депрессияның даму мүмкіндігі жоғары. Депрессия мен деннің саулығының өзара байланысы бар.

Депрессияның алдын алуға және оны емдеуге болады. Осы тұрғыдан, бұл ауруды азайту үшін барлық мүдделі тараптармен бірлескен ағарту жұмысты күшейту қажет.

Депрессияныңалдын алуы, тиімді емделуі, осы ауру туралы хабардарлықты арттыру -  2030 жылы психикалық денсаулықты емдеу және қадағалау арқылы инфекциялық емес аурулардан мезгілсіз өлім-жітімді үштен бірге азайтуТұрақты даму мақсатының 3.4. міндетін орындауға мүмкіндік береді.

Анықтама:  ДДҰ-ның бағалауынша, депрессиядан әлемде 350 миллион адам зардап шегеді. 2016 жылдың мәліметтеріне  сәйкес,  Қазақстанда өмірінде бірінші рет қойылған диагнозбенмінез-құлықтың бұзылуы жәнепсихикалық науқастану 100 000 тұрғынға шаққанда 60,8 құрайды.