ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 2021 жылдың мамыр айының басында Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттіктің Ұлттық статистика бюросы мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен (ҚР ДСМ, ҚР ӘМ, СЖжРА ҰСБ) үш дереккөздің деректері негізінде қалыптастырған 2020 жылға арналған КВИ-дан болатын өлім-жітім бойынша түпкілікті ресми деректерді жариялады.
Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 4 айында және соңғы тәулікте КВИ-ден сырқаттанушылық және өлім-жітім бойынша Министрліктің жедел деректері жеке көрсетілді.
Сонымен қатар, ДДҰ КВИ тіркелген және қайтыс болған жағдайлардың саны бойынша статистикалық деректерді елде КВИ тіркелген алғашқы күннен бастап ағымдағы күнге дейін жариялап отыруды ұсынады.
Осыған байланысты, Министрлік 2020 жылғы түпкілікті деректерді ескере отырып, министрліктің ресми ресурсында КВИ-мен сырқаттанушылық және одан болатын өлім-жітім бойынша ақпаратты берудің бұрынғы форматына оралды. 2020 жылдың 13 наурызынан бастап Қазақстанда ауру жағдайы тіркелген сәттен бастап және өсу бойынша КВИ-ден ауырғандардың және қайтыс болғандардың тіркелген жағдайларының саны ұсынылды.