
Дүниежүзілік глаукоматологтардың қауымдастығы және Дүниежүзілік глаукомаға шалдыққан науқастар қауымдастығының бастамашылығымен, глаукома проблемасына халықтың назарын аудару мақсатында, 2008 жылдан Қазақстанда Дүниежүзілік глаукома күні, ал 2011 жылдан – «Жасырын глаукоманы жою» ұранымен Дүниежүзілік глаукома аптасы өтуде.
«Мұндай іс-шараларды ұйымдастырудың басты идеясы – Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институтының жетекші офтальмологтары бұл аурудың ерекшелігін, диагностика әдістерін және терапиясы жөнінде науқастар мен дәрігерлерге мәлімдеуі. Глаукоманы ерте анықтау және пациенттің дәрігер тағайындаған емін сақтаған кезінде, аурудың үдеуін көп жағдайда тоқтатуға болады, яғни көруді сақтағау және толыққанды өмір сүруге мүмкіндік береді» - деді «Құрмет белгісі» орденді Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институты» басқарма төрағасы Тұрсынгүл Ботабекова.
Апта аясында жер-жерде глаукома орталықтарында ашық есік күндері өтуде, глаукомаға скринингтік тексерулер жүргізілуде. Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институтында 14 наурыздан глаукомасы бар науқастарға кеңестер беріліп, 15-16 наурызда институттың кеңестік-оңалту бөлімшесі базасында барлық тілек білдірушілерге тегін көзішілік қысымын өлшеді, бүгін офтальмолог дәрігерлер глаукома мектебінің «Глаукоманы емдеу және диагностикалаудың өзекті мәселелері» тақырыбындағы жұмысына қатысуда.
Әлемде болсын, отандық офтальмология саласы болсын глаукома басты проблемалардың бірі болып қалады, өйткені қайтымсыз соқырлықтың жетекші себептерінің бірі болып табылады.
2011 жылдың 11 сәуірінде «Саламатты Қазақстан» мемлекетттік бағдарламасы аясында глаукомаға скрининг жүргізу басталды, қорытындысы бойынша глаукоманың 24 750 жаңа жағдайлары анықталды. Қазіргі уақытта глаукомаға скрининг жүргізу «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы аясында жалғасын тапты.
Анықтама: әлемде әр түрлі мәліметтер бойынша глаукомасы бар науқастардың саны 66,8 ден 105 млн. дейін адамды құрайды. Қазақстанда ресми тіркелген глаукомасы бар науқастардың саны 60 мыңнан астам. Кейінге 20 жылда глаукома құрылымында көру бойынша алғашқы мүгедектік 5 тен 2 орынға көтерілді. Ерте анықтаудың төмендігі себептерінің бірі болып табылады – глаукома ешқандай белгісіз білінбей өтеді және экономикасы дамыған мемлекеттердің өзінде 45 пайызы асқынған сатысында диагностикаланады.