
Бүгін ҚР Денсаулық сақтау Бірінші Вице-министрі Марат Шоранов виртуалды форматта 2021 жылдың 1 маусымына дейін жалғасатын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының (ВАЗ) 74-ші сессиясының ашылуына қатысты.
Іс-шара шеңберінде ДДҰ-ға мүше мемлекеттер пациенттердің қауіпсіздігі; инфекциялық емес аурулардың (ИЕА) алдын алу және емдеу; онкологиялық және орфандық ауруларды тиімді емдеуге қолжетімділікті кеңейту; микробқа қарсы препараттарға төзімділік; иммундау; орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу прогрессі; әйелдер, балалар мен жасөспірімдер денсаулығы; COVID-19 қоса алғанда, төтенше жағдайлар саласында тәжірибе алмасу; психикалық денсаулық және т. б. мәселелерін талқылайды.
Бірінші күні БҰҰ Бас хатшысы А.Гуттериш, ДДҰ бас директоры Т. Гебрейесус, Франция президенті Э. Макрон, ГФР Канцлері А. Меркель, Эстония президенті К. Кальюлайд, Оңтүстік Африка Республикасының Президенті С. Рамафосаның, сондай-ақ Испания Премьер-министрлері П. Санчес, Антигуа және Барбуд Г. Браун, Тонга Корольдігі П. Туионетоа сөз сөйледі.
Мемлекеттер басшылары өз сөздерінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына пандемияға қарсы күреске бейілділігі, қолдауы және белсенді жәрдемдесуі үшін алғыс білдіріп, денсаулық сақтаудағы болашақ сын-тегеуріндерге дайындықты қамтамасыз ету мақсатында төтенше жағдайлар және ден қою шаралары саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығы туралы ортақ пікірге келді. Сонымен қатар, вакциналардың таралуында, әсіресе ресурстары жеткіліксіз елдерде пайда болған теңсіздік туралы алаңдаушылық білдірілді.
Естеріңізге сала кетейік, Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ассамблеясы ДДҰ-ның жоғарғы басқарушы органы болып табылады, оның жұмысына ДДҰ-ға мүше барлық мемлекеттердің делегациялары қатысады.
ҚР Денсаулық сақтау министрі А. В. Цой ү.ж. 25 мамырда сөз сөйлейді деп күтілуде.