20-21 мамырда Алматыда ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, сарапшылар, ғалымдар, қоғамдық және саяси қайраткерлердің қатысуымен «Ана мен бала» IV Халықаралық ғылыми-білім беру форумы өтуде.
Форумның мақсаты - репродуктивті денсаулықты нығайтуға бағытталған емдеу-диагностикалық іс-шараларды ұйымдастыруда ғылыми жетістіктермен және клиникалық тәжірибемен алмасу.
«Ана мен бала денсаулығын қорғау Қазақстан Республикасының стратегиялық дамуының негізгі басым бағыты болып табылады, ана мен бала өлімінің көрсеткіштері денсаулық сақтаудың даму деңгейін ғана емес, жалпы қоғамды да көрсетеді», - деп атап өтті Алексей Цой форумға қатысушыларға арналған құттықтау сөзінде.
«Біздің алдымызда қызмет көрсетуді жақсарту және босандыру қызметінде жоғары нәтижелерге қол жеткізу бойынша үлкен және күрделі міндеттер тұр. Аурулардың алдын алу мен аналар мен балалар арасындағы өлім-жітімді төмендетуден алынатын әсер бүкіл халыққа таралады. Сондықтан осы салаға салынған инвестициялар тұрақты экономикалық өсуге және бүкіл халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайларын жақсартуға ықпал етеді. Мемлекеттің, үкіметтің, барлық медициналық қоғамдастықтың барлық күш – жігері негізгі көрсеткішті - репродуктивті шығындарды азайтуға бағытталған», - деді ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.
Ол «Ана мен бала» IV Халықаралық форумы ана мен бала денсаулығын қорғау саласындағы жаңа ғылыми жетістіктермен және озық тәжірибемен алмасу алаңына айналатынына сенім білдірді.
ҚР акушерлік-гинекологиялық қызметінде 759 әйелдер консультациясы, 247 босандыру ұйымдары бар, оның ішінде 164 ОАА, 50 перзентхана, 33 перинаталдық орталық, екі ғылыми орталық – Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығы, Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы, сондай-ақ 9 медициналық ЖОО-ның 11 кафедрасы бар.
Шараға қатысушылар босандыру қызметін аймақтандыру жүйесін қайта қарауға, акушерлік-гинекологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекітуге мүмкіндік берген «МСАК-ты жаңғырту және басым дамыту негізінде пациенттің мұқтаждығы төңірегінде барлық денсаулық сақтау қызметтерін интеграциялау» Жол картасын іске асыруды талқылады.
«Индикаторлардың белгіленген деңгейіне қол жеткізуге еліміздің ғылыми орталықтары қомақты үлес қосуда. Ғылыми орталықтармен жоғары технологиялық бейіндік көмек, кураторлық жұмыс көрсетіледі, еліміздің жетекші мекемелерімен және халықаралық ғылыми кеңістікпен, үкіметтік емес халықаралық ұйымдармен және медициналық қауымдастықтармен өзара іс-қимыл жасай отырып, іргелі ғылыми және білім беру бағдарламалары жүзеге асырылады. Жыл сайын 3000 акушер-гинеколог, 300 анестезиолог-реаниматолог мамандандырудан өтеді», - деді «Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығы» АҚ Басқарма төрайымы Динара Мирзахметова.
Ана мен бала өлімін төмендету жөніндегі одан арғы іс-шаралар ведомствоаралық өзара іс-қимылды, цифрландыруды, менеджмент пен сапаның халықаралық стандарттарын енгізуді, ғылыми зерттеулерді дамытуды, босандыру қызметінде дербестендірілген тәсілді енгізуді, акушерияда, гинекологияда және перинатологияда қазіргі заманғы инновациялық технологияларды енгізуді, преэклампсияға пренаталдық скринингті енгізу және халық арасында өз денсаулығы үшін ортақ жауапкершілікті тәрбиелеу есебінен акушерлік асқынулардың алдын алуды талап ететіні атап өтілді.
Форум аясында COVID-19 және жүктілік, заманауи акушерлік және экстрагенитальды патология, пандемия жағдайындағы неонатология, репродуктивті денсаулық және эндокринологиялық гинекология сияқты тақырыптарды талқылау қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырды.
Анықтама: пренаталдық және неонаталдық генетикалық скринингтің мемлекеттік бағдарламасын іске асыру нәтижелері бойынша 2007-2021 жылдар кезеңінде шамамен 3 млн жүкті әйел тексерілді, өлім-жітіммен 21152 жағдай және құрсақішілік ұрықтың хромосомалық патологиясы бар 2744 жағдай тууы ескертілді. 2020 жылы терапевт 435 мыңнан астам жүкті әйелді тексерді, 35% жағдайда әртүрлі аурулар анықталды.
ҚР халқының саны 18 917,2 мың адамды, әйелдер саны 9 737,8 мың адамды (51,5%), фертильді жастағы (15-49 жас) әйелдер саны 4 541 мың адамды құрады, оның ішінде қалада 61%, ауылда 39% тұрады.