
Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирустық инфекциямен күрес жөніндегі өңірлік штаб отырысын өткізді.
Бүгінгі таңда өңірде COVID-19 ауруымен ауырудың күрделі жағдайы сақталуда.
Облысқа әдістемелік және практикалық көмек көрсету үшін келген жұмыс тобы коронавирустық инфекциямен күресу шараларын күшейту бойынша бірқатар міндеттерді анықтап, талдау жүргізді.
АМСК ұйымдарының КВИ-мен күрес шеңберінде қабылданатын шаралар бойынша АМСК ұйымдарының, мультидисциплинарлық консультациялық дәрігерлік топтардың қызметіне талдау жүргізу, облыстық Ахуалдық орталықтың жұмысын өзектендіру ұсынылды.
Сондай-ақ, КВИ бар пациенттерге стационарлық көмек көрсететін амбулаториялық-емханалық ұйымдар мен медициналық ұйымдарға назар аудару қажет бірқатар іс-шаралар айтылды.
«Өз сөзімнің соңында медициналық көмек көрсетудің барлық деңгейлерінде КВИ бар пациенттерді (әсіресе егде жастағы және жүкті әйелдерде) емдеуге тұрақты мониторинг және бақылау, сондай – ақ пациенттерді уақтылы және тиімді бағыттау қажетті нәтижені қамтамасыз ететінін және біздің тұрғындар арасында КВИ-ден болатын өлім-жітім деңгейін төмендететінін атап өткім келеді», - деді Ажар Гиният.
Штаб отырысында өңірдегі эпидемиологиялық жағдай және оны жақсарту үшін қабылданып жатқан шаралар туралы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің басшысы Айжан Есмағамбетова айтып берді.
19 мамырдағы жағдай бойынша Қарағанды облысында 28550 науқас тіркелді, 471-і қайтыс болды, 24930-ы сауығып кетті, 3313-і емделуді жалғастыруда. Эпиджағдайды бағалау матрицасына сәйкес Қарағанды облысы қызыл аймақта бір айдан астам тұр.
Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Гамаль Тоқсамбаев өз сөзінде өңірде пандемиямен күреске бағытталған бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылғанын атап өтті. Оның ішінде – инфекциялық госпитальдық инфрақұрылымды дамыту, ауруды ерте анықтау үшін медициналық көмек көрсетудің бастапқы буынын жетілдіру, үй стационарлары жағдайында уақтылы оқшаулау және емдеу
Бұдан басқа, қажет болған жағдайда жұмысқа резидентура мен интернатура оқушылары тартылады, стационарлар мен емханаларда қажетті дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың және жеке қорғаныш құралдарының үш айлық қоры құрылды.
Әрине, халықты иммундаудың маңызы зор. Эпидемиологиялық ахуалдың кез келген өзгерістеріне жедел ден қою үшін апта сайын матрица әзірленеді, оған сәйкес әрбір елді мекен үшін карантиндік шараларды тұрақты түзету жүргізіледі. Соның арқасында денсаулық сақтау жүйесіне аса жүктеме артпай, облыста аурудың қарқынды өсуін болдырмауды ескерту мүмкін болды.
Г.Тоқсамбаев алдағы уақытта эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануы және сырқаттанушылықтың біртіндеп төмендеуі күтілетінін атап өтті.