Вакцина тиімді: А. Есмағамбетова вакцинациядан кейін жұқтыру туралы

Вакцина тиімді: А. Есмағамбетова вакцинациядан кейін жұқтыру туралы

Қазақстан Республикасында бірінші компонентпен егілген азаматтардың 0,03%-ы және екі компонентті алғандардың 0,02%-ы коронавирус инфекциясын жұқтырды. Осы мәліметтер қазіргі таңда елімізде қолданылатын вакциналардың тиімділігін көрсетеді. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова мәлімдеді.

А.Есмағамбетованың айтуынша, бүгінгі таңда ҚР-да вакцинаның бірінші компонентін енгізгеннен кейін коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 541 жағдайы тіркелді, бұл өндірушілердің ешқайсысы және ешқашан вакциналардың 100% тиімділігіне кепілдік бермейді. Яғни, вакцина аурудан 100% қорғамайды. Сонымен, әзірлеушінің мәліметтеріне сәйкес, мысалы, Спутник V вакцинасы 92% тиімділігін көрсетеді, сәйкесінше, қалған 8% - да иммундық жауап болмайды, яғни адам КВИ-мен ауыруы мүмкін.

Сонымен, өндіруші жариялаған «Спутник V» тиімділігі шамамен 92% құрайды, яғни қалған 8%, өндірушінің айтуынша, ауырып қалуы мүмкін.

Бұл ретте, вакцинациядан кейін ауырған азаматтардың саны өндіруші мәлімдеген мөлшерден едәуір төмен екенін көрсететін Қазақстандағы статистика. Бұл вакцинаның тиімділігін тағы бір рет көрсетеді.