
Бүгін Қазақстан Республикасына Француз Республикасының Еуропа және сыртқы істер министрі жанындағы сыртқы сауда және экономикалық тартымдылық мәселелері жөніндегі министр-делегат Франк Риестер мырзаның сапары шеңберінде Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау бірінші Вице-министрі Марат Шоранов пен Француз Республикасының Еуропа және сыртқы істер министрі жанындағы Сыртқы сауда және экономикалық тартымдылық мәселелері жөніндегі министр-делегат Ф. Риестердің Денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық жөніндегі ниеттері туралы Декларацияға қол қойылды.
«Бұл Декларацияны қабылдау Қазақстан мен Франция арасындағы денсаулық сақтау саласындағы екіжақты ынтымақтастыққа қосымша серпін береді», - деп атап өтті кездесу барысында ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице - министрі.
Сондай-ақ, тараптар денсаулық сақтаудың өзекті бағыттары бойынша, оның ішінде академиялық ұтқырлық, медицина кадрларын даярлау және олардың біліктілігін арттыру, онкология және санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық, әйелдер мен балалардың денсаулығын қорғау, медициналық технологиялар мен инновациялардың бастапқы медициналық-санитариялық көмегі және т. б. салаларда ынтымақтасуға ниет білдірді.