ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелерін интеграциялау бойынша депутаттық сауалға қатысты ақпарат

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелерін интеграциялау бойынша депутаттық сауалға қатысты ақпарат

Мәжіліс депутаты Зарина Айдарханқызы Камасова өзінің сауалында көрсеткен денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелеріндегі, алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету жөніндегі медицина қызметкерлерінің жұмысы туралы келесіні хабарлаймыз.

Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдарында жергілікті Ақпараттық жүйелер (бұдан әрі - ЖАЖ) орнатылған.
Денсаулық сақтау министрлігі ЖАЖ пайдалану арқылы ақпарат енгізілетін ақпараттық жүйелерді (бұдан әрі - АЖ) пайдаланады.

Дәрігерлік және орта медициналық персоналды оларға тән емес міндеттерден босату үшін Денсаулық сақтау министрлігінің барлық қолда бар ақпараттық жүйелері мен жергілікті ақпараттық жүйелерді толық интеграциялау қажет.

Барлық АЖ мен ЖАЖ біріктіру функциясы ақпараттандыру және денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелерінің интероперабельділігін қамтамасыз етуге арналған Платформамен (бұдан әрі-Платформа) көзделген болатын, оған 2015 жылдан бастап 2018 жылға дейін министрлікпен 18 млн. АҚШ доллары жұмсалды.

Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігінің Экономикалық тергеу қызметі жоғарыда көрсетілген Платформаның жұмысына қатысты қазіргі уақытта министрліктің бұрынғы лауазымды тұлғаларына қатысты оны сатып алу кезінде бюджет қаражатын жұмсау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізуде.

Тергеу мәселелері бойынша жоғарыда аталған агенттікке хабарласуды ұсынамыз.