4 МАМЫРДА ҚАЗАҚСТАНДА 118 МЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КВИ-ҒА ҚАРСЫ ЕГІЛДІ - ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

4 МАМЫРДА ҚАЗАҚСТАНДА 118 МЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КВИ-ҒА ҚАРСЫ ЕГІЛДІ - ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

Соңғы тәулікте елімізде коронавирустық инфекцияға қарсы 118 мың азамат вакцинацияланды. COVID-19 вакцинасының бірінші компонентімен егілген адамдардың жалпы саны – 1 486 543, екінші компонентімен егілгендер - 400 740.

Сәуір айының соңында қазақстандықтар үшін 2,287,695 доза мөлшерінде бірінші компонентпен, 947 890 дана мөлшерінде немесе 2,3 млн адам үшін екінші компонентпен вакцинациялауға қолжетімділік қамтамасыз етілді.

Денсаулық сақтау министрлігі вакцинацияға барынша қолжетімділікті қамтамасыз етті. Халықты жаппай иммундау үшін еліміздің барлық емханалары мен ірі сауда орталықтарында 1400 вакцинация пункті ашылды, оның ішінде 300 жылжымалы. 11 мыңнан астам медицина қызметкері вакцинация науқанын өткізуге тартылды.
Вакцинация қарқыны азаматтардың өздерінің саналы көзқарасына, олардың жақындарының денсаулығы мен жалпы иммунитеттің пайдасына дұрыс таңдауына байланысты екенін айта кету керек.

Бұл ретте, вакцинация ерікті негізде жүзеге асырылады және ел тұрғындарының вакциналардың үш түрін (SputnikV, QazVac және HayatVax) таңдау мүмкіндігі бар.

Қазақстанда қолданылатын вакциналар қауіпсіздік пен тиімділікке тексеруден өтті, сондықтан олар коронавирустық инфекцияны жұқтыруға қарсы дәлелденген құрал болып табылады. Бүгінгі таңда тек вакцинация елдегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға мүмкіндік беретінін есте сақтаған жөн.

Халықты жаппай иммундау арқылы ұжымдық иммунитетке қол жеткізу шектеу шараларының жалғыз баламасы және әлемдегі пандемиямен күресудің тиімді әдісі болып табылады.