
Бүгін Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов Корей Халық Демократиялық Республикасының РФ-дағы және ҚР қоса атқаратын Төтенше және Өкілетті Елшісі Син Хон Чхоль мырзамен кездесу өткізді.
Кездесу басында М. Шоранов син Хон Чхоль мырзаны КХДР-дың РФ-дағы және ҚР-дағы қоса атқарушы Елшісі лауазымына тағайындалуымен құттықтап, жаңа табысты жетістіктер мен дипломатиялық жеңістер тіледі.
Бірінші вице-министр екі ел арасындағы қатынастар өзара құрмет пен өзара сенім негізінде құрылатынын атап өтті.
Бүгінгі таңда ҚХР мен Үндістанның дәстүрлі медицинасын қолдану кеңінен талқыланып жатқанын ескере отырып, Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі дәстүрлі Корей емінің тәжірибесін зерделеуге қызығушылық танытып отыр.
Кездесу барысында М. Шоранов елшіні коронавирустық инфекция пандемиясымен күрес бойынша ҚР-да атқарылған жұмыстар туралы хабардар етті. Денсаулық сақтау министрлігі COVID-19 таралуының алдын алу және денсаулық сақтау жүйесінің аурудың көтерілуіне дайындығын қамтамасыз ету бойынша қажетті шаралар қабылдауда.
«Коронавирустық инфекцияның таралуының ағымдағы жай-күйі негізінде эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы әзірленді, оның көмегімен шектеу шараларын күшейту немесе жеңілдету бойынша шешімдер қабылданады», - деп атап өтті М. Шоранов.
КВИ таралуын бақылау, сондай-ақ жұқтыру ошақтарын уақтылы оқшаулау үшін елде «COVID-19 бақылау орталығы» веб-қосымшасы енгізілді, «Saqbol» және «ASHYQ» мобильді қосымшалары әзірленді, олар байланыс жасаушыларды бақылауға және олардың үйде оқшаулануын сақтауға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, Қазақстанда халықаралық жүйелермен интеграциялау мүмкіндігімен вакцинациялаудың электрондық паспорты әзірленіп, енгізілді, бұл барлық вакциналанғандардың тұрақты есебін жүргізуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, елімізде КВИ-ға қарсы вакцинациялауды ұйымдастыру және жүргізу бойынша жұмыстар жалғасуда. Ол үшін барлық қажетті іс-шаралар өткізілді. Бірінші кезеңде вакцинация Ресей Федерациясының «Спутник V» вакцинасымен жүргізілді.
27 сәуірдегі жағдай бойынша бірінші компонентпен 949 451 адам егілді. КВИ-ға қарсы вакцинация жүргізу үшін медициналық ұйымдар базасында 1051 егу кабинеті жұмыс істейді. Бұдан басқа, вакцинацияның қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін халықтың қалың жігі үшін ұйымдастырылған ұжымдарда, сондай-ақ ірі сауда орталықтарында вакцинациялауды жүргізетін 303 жылжымалы егу бригадалары жұмылдырылды.
Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы өзінің QazVac-тың COVID-19-ға қарсы вакцинасын клиникалық зерттеудің I және II фазасының нәтижелері бойынша жақсы төзімділігі мен қауіпсіздігін атап өтті. Бірінші және екінші кезеңдердің аралық нәтижелері 96 пайыздық тиімділікпен жақсы нәтиже көрсетті. Қазіргі уақытта үшінші кезеңнің клиникалық сынақтары жүргізілуде, оларды 2021 жылдың маусым айының соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Зерттеулерге 3 мың адам қатысады. Сондай-ақ, қазақстандық «QazVac» вакцинасын халықаралық тіркеуді аяқтау, сондай-ақ Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының халықаралық бюросында Патент алу жұмыстары жалғасуда.
Корей Халық-Демократиялық Республикасының РФ-дағы және ҚР-да қоса атқаратын Төтенше және Өкілетті Елшісі Син Хон Чхоль мырза Қазақстан Республикасының COVID-19 пандемиясымен күреске қосқан үлесін жоғары бағалап, өзара ынтымақтастықты жалғастыру ниетін растады.