
Бүгін «Педиатрия және балалар хирургиясының жетістіктері мен даму перспективалары» атты Қазақстан балалар дәрігерлерінің IX съезі өз жұмысын бастады, оған өңірлерден келген педиатрлар, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас мамандары, ғалымдар, Қазақстан, Ресей және ТМД-ның басқа да елдерінің жетекші мамандары қатысты.
ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой форумға қатысушыларға құттықтау сөз сөйлеп, ана мен бала денсаулығын қорғау мемлекет пен Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінің басым міндеттерінің бірі болып табылатынын атап өтті.
А.Цой соңғы жылдары елімізде алғашқы буындағы әмбебап, интеграцияланған, әлеуметтік бағдарланған, қолжетімді және сапалы медициналық көмекті дамытуды көздейтін алғашқы медициналық-санитариялық көмекті жаңғырту белсенді жүргізіліп жатқанын атап өтті.
«Бала жасындағы ауруларды ерте анықтау және уақтылы түзету мен емдеуді жүргізу мақсатында скринингтік бағдарламаларды жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Зат алмасудың тұқым қуалайтын ауруларын, ерте араласу, өмір сүру сапасын жақсарту және әлеуметтік мәні бар аурулардың жүктемесін азайту мақсатында сенсорлық бұзылуларды диагностикалаудың жаңа әдістері енгізілуде. Онкологиялық аурулары бар балаларға толық мемлекеттік қолдау көрсетіледі. Балаларды оңалту өз дамуын алды», - деді ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.
Министр балалардың аурушаңдығын, мүгедектігі мен өлім-жітімін төмендетуге қол жеткізген қазақстандық педиатрлардың үлесіне ерекше назар аударды. Мәселен, соңғы 5 жылда балалар өлімінің көрсеткіші 1,4 есеге, ал нәрестелер өлімінің көрсеткіші 1,2 есеге төмендеді.
Алайда, сонымен бірге, нәрестелер мен аналар өлімі көрсеткішінің төмендеуіне қарамастан, бұл көрсеткіштер өңірлік деңгейлерде айтарлықтай жоғары болып қалуда. Осыған байланысты әйелдер мен балаларға медициналық көмек көрсетуге тартылған барлық деңгейдегі мамандардың командалық жұмысы талап етіледі.
Белгіленген мақсаттарға қол жеткізу үшін республикалық клиникалардың, ғылыми орталықтардың және ғылыми-зерттеу институттарының олардың бейіні шеңберінде барлық деңгейлерде медициналық көмек көрсетудің мониторингі, тиімділігі мен сапасын қамтамасыз ету бөлігіндегі рөлі мен жауапкершілігі күшейтілді, деп атап өтті өз сөзінде ҚР Денсаулық сақтау министрі.
Өз кезегінде, ҚР ДСМ «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» АҚ Басқарма төрайымы, ҚР ДСМ штаттан тыс бас педиатры Риза Боранбаева өзінің баяндамасында COVID-19-бен жаппай күреске қарамастан, бала жасындағы басқа да ауруларды диагностикалау және емдеу мәселелерінің маңыздылығын атап өтті.
«Бүгінде әртүрлі созылмалы және тұқым қуалайтын аурулары бар балаларға медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету, денсаулық сақтау саласына жаңа диагностикалық және терапиялық технологияларды енгізуді жалғастыру қажет», - деді Р. Боранбаева форумға қатысушыларға арнаған сөзінде.
Мәселен, еліміздің бас штаттан тыс педиатрының деректері бойынша, 2020 жылдың қорытындысы бойынша 0-ден 18 жасқа дейінгі балалардың сырқаттанушылық құрылымында жағдайлардың жартысына жуығы, ал бұл 49,6%-ы тыныс алу органдарының бұзылуынан келеді, содан кейін 9,4%-ы ас қорыту органдарының ауруларынан және 6,1%-ы - әртүрлі неврологиялық аурулардан, содан кейін шамамен 5%-ы көз, қан және тері ауруларынан болады.
Созылмалы балалар ауруларының өсуіне жол бермеу үшін балалар арасында скринингтік бағдарламалардың тиімділігін арттыру қажет, деп атап өтті Р. Боранбаева.
Скринингтер бойынша проблемалық мәселелердің арасында профилактикалық тексерулердің нәтижелерін орталықтандырылған қалыптастырудың болмауы, өңірлерде, әсіресе ауылдық жерлерде бейінді мамандардың балаларды қарау үлесінің төмендігі аталды.
Жаңа туған нәрестелерді күту тұрғысынан, спикер атап өткендей, Қазақстанда балаларға жоғары өмір сапасын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін заманауи медициналық технологиялар сәтті қолданылуда. 2020 жылы Қазақстанда 22 мыңнан астам шала туған бала дүниеге келді, мұндай балалардың шамамен 38-40%-ында шала туған ретинопатия диагнозы қойылған. Уақытылы хирургиялық көмек жыл сайын 1300-ден астам шала туылған нәрестелерге көрсетіледі, ретинопатияның ауыр емес түрлерінде терапияның тиімділігі 96% құрайды.
Сондай-ақ, неонаталдық хирургия жетістіктерінің арқасында Қазақстанда туа біткен даму ақауларынан болатын өлім-жітімнің 2,4-тен 1,7%-ға дейін төмендеу динамикасы байқалады. Жыл сайын елімізде ТБДК (туа біткен даму кемістігі) бар жаңа туған нәрестелерге 1000-нан астам операциялық араласу жүргізіледі, оның ішінде 85% жағдайда оң нәтижеге қол жеткізіледі.
Балалар кардиохирургиялық қызметінің рөлі ерекше атап өтілді, оның есебінде ашық жүрекке 2000-нан астам операция, оның ішінде 3-4 күрделілік деңгейі бар. Жүрекке жасалатын операциялық араласулардың 26%-ын эндоваскулярлық оталар құрайды. Туа біткен жүрек ақауы (ТБЖА) бар операция жасалған балалардың жалпы санының 77%-ын өмірінің бірінші жылындағы сәбилер құрайды. Ашық жүрекке түзетулерден кейін ТБЖА емдеу тиімділігі 95%, эндоваскулярлық кейін – 99,5% құрайды.
Форум аясында неонатология, онкогематология, соматикалық патология және балалар хирургиясының даму бағыттарына қатысты заманауи педиатрияның ең өзекті мәселелері бойынша секциялық отырыстар өткізу жоспарлануда. Форум барысында қатысушылар үш күн бойы нәрестелер мен балалар өлімін одан әрі төмендету; перинаталдық патологиялардың алдын алу, диагностикалау және емдеу бойынша жаңа тиімді технологияларды енгізу; балалар онкологиясы мен гематологиясындағы, инфекциялық аурулардағы диагностика мен емдеу; хирургиялық патологиясы бар балаларға жоғары технологиялық медициналық көмектің жаңа түрлерін енгізу мәселелері бойынша пікір және тәжірибе алмасуға ниет етті. Сондай-ақ балалар иммунологиясы мен аллергологиясының жаңа аспектілерін, педиатрия тәжірибесіндегі клиникалық ұсыныстар мен стандарттарды талқылауды.
Съезд бағдарламасында докторанттарға, магистранттарға және резиденттерге арналған «Жас зерттеуші: қазіргі заманғы педиатрия мен балалар хирургиясының сын-тегеуріндері мен даму перспективалары» атты жас ғалымдар форумын өткізу жоспарланып, конкурстың Үздік жарияланымы мен баяндамасы қорытындыланады.
Дәстүрлі түрде 4 жылда бір рет өтетін Қазақстанның балалар дәрігерлері съезінің негізгі міндеті - науқас балаларды қолжетімді, сапалы және инновациялық медициналық көмекпен қамтамасыз ету үшін елімізде педиатриялық қызметті ұйымдастыру мәселелерін талқылау.
Анықтама: ҚР-да 2021 жылғы 1 қаңтарға халықтың жалпы саны 18 877,1 адамды құрады, оның ішінде 33,3%-ы балалар. Барлық балалар - 6 289,8, оның ішінде 0 - ден 14 жасқа дейін - 5 492,7 бала; 15-тен 17 жасқа дейін - 797,1 адам. Жыл сайын ҚР-да 390 000-нан астам тірі бала туылады, 2020 жылы барлығы 427 303 бала тірі туылды.