ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту үшін барлық шараларды қабылдауда

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту үшін барлық шараларды қабылдауда

Бүгін Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының және Президенттің ауылдық елді мекендерде медициналық көмектің қолжетімділігі жөніндегі тапсырмаларының іске асырылуы туралы хабарлады.

Қазіргі уақытта ауыл халқына медициналық қызметтерді денсаулық сақтаудың 5272 амбулаториялық-емханалық объектісі көрсетеді, оның ішінде 3 жылда 394 объекті салынып ашылды. Әкімдіктер бекіткен жол карталарына сәйкес ағымдағы жылы ауылдық елді мекендерде жалпы сомасы 12,7 млрд.теңгеге 90 МСАК объектілерінің, оның ішінде 36 – медициналық, 20 фельдшерлік-акушерлік пункттер мен 34 – дәрігерлік амбулаториялардың құрылысы және ашылуы жоспарланған.

«Алдағы 5 жылда 95 млрд. теңге сомасына, 515 амбулаторлық-емханалық ұймның құрылысы жоспарлануда, оның ішінде 211 – медициналық, 158 – фельдшерлік-акушерлік пункттер, 127 дәрігерлік амбулаториялар және 19 емхана мен МСАК орталықтары. Бұдан басқа, өңірлердің әкімдіктеріне 580-нен астам тозған МСАК объектілерінде күрделі жөндеу жүргізу жоспарланған. Нәтижесінде 2025 жылға қарай 1095 МСАК нысаны жөнделіп, салынады», - деді Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.

Қазіргі уақытта 13 ауданаралық аурухана жұмыс істейді, қосымша 25 аудандық аурухана жаңғыртылады, осылайша ауылда «алтын сағат» қағидатын сақтау қамтамасыз етіледі, ал шұғыл медициналық қызмет көрсету ережесі бойынша қызмет көрсетілетін ауыл халқының саны 1 сағат ішінде 2,5 млн.адамнан 5 млн. адамға дейін 2 есеге ұлғаяды.

Ауылда денсаулық сақтаудың кадрлық ресурстарына күтілетін қажеттілікті қамтамасыз ету үшін министрлік өңірлермен бірлесіп мынадай шараларды көздеді: көтерме жәрдемақыларды 100-ден 1000 АЕК-ке дейін ұлғайту; ауылға жұмысқа келген мамандарды тұрғын үймен міндетті түрде қамтамасыз ету; жалақыны 2023 жылы экономика бойынша орташа жалақыға қарағанда 2,5 есеге дейін кезең-кезеңімен ұлғайту. Нәтижесінде, 2023 жылға қарай жалпы практика дәрігерлерімен және тар мамандармен қамтамасыз етілу 100% - ды құрайды. Сонымен қатар, 2025 жылға қарай жыл сайын 7,3 мыңға дейін маманды оқыту қамтамасыз етіледі.

Қалалар мен аудан орталықтары деңгейінде барлық денсаулық сақтау ұйымдары Интернет желісіне қол жеткізумен қамтамасыз етілген. Аталған медициналық ұйымдарда шамамен 18,4 млн.халыққа қызмет көрсетіледі. Аудан орталықтарынан төмен деңгейде және шалғайдағы ауылдық елді мекендерде медициналық ұйымдардың интернет желісіне қолжетімділікпен қамтамасыз етілуі 84,5% - ды құрайды, яғни 5 264 Денсаулық сақтау ұйымының 4 447-і Интернет желісіне қосылған.

«2025 жылдың соңына қарай аудандық деңгейден төмен және шалғайдағы ауылдық елді мекендерде медициналық ұйымдардың Интернет желісіне қолжетімділігі 90% - ды құрайды», - деп атап өтті министр.

Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында 2020 жылы қосымша 100 жылжымалы медициналық кешен сатып алынды. Осылайша, қолданыстағы 49 ПМК ескере отырып, олардың жалпы саны – 149 құрады. Өткен жылдың өзінде 1200-ден астам елді мекенде 1,2 млн.адам ЖМК қызметін көрсеткен. 2021 жылдан бастап ПМК қызметтерімен жыл сайынғы қамту 2,6 млн. бұл – жылына 2 мыңнан астам шалғайдағы ауылдық елді мекендердің тұрғындары. Сонымен қатар, қатынауы қиын ауылдық елді мекендерде білікті медициналық көмекті қамтамасыз ету үшін жыл сайын санитариялық авиация мамандарының 2160-тан астам ұшуы жоспарланып отыр.

Денсаулық сақтау министрлігі сондай-ақ жедел медициналық көмек қызметінің паркін жаңғырту бойынша шаралар қабылдады. Өңірлерге 1167 бірлік санитарлық автокөлік жеткізу қамтамасыз етілді, оның ішінде ауылға 37% немесе 432 бірлік. Жыл сайын ауылдық жерлерде жедел медициналық көмектің 2 млн.шақырылуына қызмет көрсету жоспарланып отыр.

Осылайша, қолжетімді, сапалы ауылдық денсаулық сақтауды құруға бағытталған жұмыс жалғасатын болады.