Әлемде коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылық бойынша жағдай шиеленісе түсуде. АҚШ – та тәулігіне 76 мыңнан астам жаңа жағдай тіркеледі, ал Түркия – 62 мың, Франция – 43 мың, Германия – 32 мың, Польша-21 мың және т.б. сияқты Еуропаның бірқатар елдерінде коронавирустық инфекцияның өскені байқалады. Көптеген елдердің үкіметтері шектеу шараларын қатаңдату шараларын қабылдауда.
Түркия Республикасында коронавирустық инфекция ауруының өсуіне байланысты біздің елімізде Түркиямен халықаралық рейстерді қысқарту бөлігінде мемлекеттік шекарада санитарлық-карантиндік бақылау күшейтілді.
Бүгінгі таңда www.worldometers мәліметтері бойынша әлемде COVID-19-дың 139 миллионнан астам жағдайы тіркелген, аурудың өсуі - 0,6. 2 984 721 адам қайтыс болды, өлім көрсеткіші – 2,1%.
1 млн.адамға қайта есептегенде ең қолайсыз жағдай Чехияда, онда көрсеткіш 148,269, АҚШ-та – 96,682, Францияда – 78,759, Түркияда – 47,331, Германияда - 36483 құрады.
Пандемия басталғаннан бері Қазақстан Республикасы бұл рейтингте 1 млн.тұрғынға шаққанда 14,565 көрсеткішпен 110-орында тұр, COVID-19-дан қайтыс болғандар саны бойынша Қазақстан әлемде 107-ші орында тұр, коронавирустық инфекциядан сауығып кеткендердің үлес салмағы 98,4%-ды құрайды. Халықты КВИ тестілерімен қамту бойынша Қазақстан әлемдік рейтингте 71-ші орында тұр.
Эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру үшін Қазақстан Үкіметі шектеу шараларының кешенін іске асыруда, сондай-ақ халықты COVID-19-ға қарсы жаппай вакцинациялауды жүргізуде. Бүгінгі таңда 560 мыңнан астам азамат егілді, күн сайын вакцинациямен қамту 70 мыңнан астам адамды құрады.
1 ақпаннан бастап өңірлерге «Спутник V» вакцинасының 922 мың дозасы жеткізілді. Өңірлерде вакциналардың 417 мың дозасы бар. Сәуір айында барлығы 2 млн.астам адамға вакцинациялауға қол жеткізу жоспарланған, яғни тиісті контингенттің 23,4%-ы. Өндірушілермен жүргізілген келіссөздерді ескере отырып, Қазақстанда бірінші жартыжылдықта 6 млн.астам вакцина дозасын қабылдау жоспарланып отыр, бұл тиісті контингенттің 64%-ын қамтуға мүмкіндік береді.
Бүгінгі күні Республика бойынша КВИ-ға қарсы иммундау науқанына 1281 егу кабинеті тартылған, оның ішінде 230 жылжымалы көшпелі егу пункттері сауда орталықтарында, халық көп жиналатын жерлерде және шалғай аудандарда, ұйымдасқан ұжымдарда вакцинация жүргізу үшін тартылған. Жылжымалы көшпелі егу пункттері оқытылған медициналық персоналмен және арнайы тоңазытқыш жабдығымен жабдықталған.
Жалпы ҚР Үкіметі қабылдаған шаралар кешені короновирустық инфекция бойынша әлемдік рейтингте жақсы көрсеткіштерге қол жеткізуге мүмкіндік бергенін айта кету қажет.