
М.Шоранов ҚР-дағы ағымдағы эпидемиологиялық ахуал және жаппай вакцинациялау барысы туралы айтып берді. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов COVID-19 ауруы бойынша жағдай және халықты коронавирустық инфекцияға қарсы жаппай иммундау барысы туралы айтып берді.
«Қазақстан Республикасында 14 сәуірдегі жағдай бойынша COVID-19 оң нәтижесімен 276054 науқас және КВИ-мен 51 539 жағдай тіркелді. КВИ+ бар 237446 науқас және КВИ-мен ауырған 50 304 науқас сауығып кетті», - деді М.Шоранов.
Оның айтуынша, эпидемиологиялық жағдай матрицасына сәйкес Қазақстан Республикасы 14 күн бойы жоғары қауіпті аймақта, яғни қызыл аймақта тұр.
Сондай-ақ тәуекелі жоғары аймақта (қызыл аймақта) 8 өңір бар: Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары, Атырау, Батыс Қазақстан, Алматы, Ақмола, Қарағанды және Ақтөбе облыстары
Бірінші вице-министр ағымдағы жылдың сәуір айында эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы байқалғанын атап өтті, сәуір айының басынан бастап 29 200 жағдай тіркелді, наурыздың ұқсас кезеңімен салыстырғанда сырқаттанушылықтың 2,8 есе өсуі байқалды, тәулігіне 2800 науқас тіркелгені атап өтті.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарын қоспағанда, барлық өңірлерде сырқаттанушылықтың өсуі байқалады.
«Қазақстанға шетелден COVID-19 анықтамасыкелетін адамдардың саны төмендегені байқалады. Сәуірдің 13 күні ішінде анықтамасыз 251 адам келді, оның ішінде 2-де COVID–19 тестінің оң нәтижесі анықталды , наурыздың ұқсас кезеңінде анықтамасыз 4975 адам келді, 16 оң нәтиже анықталды (анықтамасыз келгендердің 19 есе төмендеуі)», - деп атап өтті М.Шоранов.
Ол мемлекеттік шекарадағы шараларды күшейту мақсатында ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қаулыға ПТР әдісімен COVID-19 тестінің теріс нәтижесі бар анықтаманы ұсынбаған адамдарды әуе кемесінің бортына отырғызудан бас тарту бөлігінде өзгерістер енгізілгенін еске салды.
Реанимациялық төсектерге келетін болсақ, инфекциялық стационарларда 2 807, жұмыспен қамту – 26% (741 төсек) құрайды.
Реанимациялық төсектердің жоғары жұмыспен қамтылуы Нұр-Сұлтан қ. - 56% және Алматы қ. - 49% байқалады.
Реанимация бөлімшелеріндегі пациенттер саны 2,3 есеге ұлғайды (а.ж. 14 наурызда – 317 адам, а. ж. 14 сәуірде – 741 адам).
Бұдан әрі М.Шаронов елдегі жаппай вакцинациялау барысы туралы айтып, бірінші сәуірден бастап вакцинациялауға жататын адамдардың санаттары кеңейгенін атап өтті. Кестелерді жергілікті атқарушы органдар жасайды.
Бүгінгі күні бірінші компонентпен 435 393, екінші компонентпен – 107 121 азамат егілді.
Сәуір айының басынан бастап өңірлерге "Спутник V" вакцинасының 923 мыңнан астам дозасы жеткізілді, сәуір айының соңына дейін 910 мың доза, басқа өндірушілердің 500 мың дозасы және 25 мың "QazCovid-in" вакцинасын жеткізу күтілуде, бұл елдің шамамен 2 млн.азаматына вакцинациялаудың қолжетімділігін қамтамасыз етеді.
Халық үшін вакцинациялаудың қолжетімділігін арттыру және егу процесін жеңілдету мақсатында ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысымен адамдар көп жиналатын жерлерде (ұйымдасқан ұжымдарда, СОО, базарларда және басқа да қоғамдық орындарда) коронавирустық инфекцияға қарсы иммундауды ұйымдастыру жөніндегі ұсынымдар бекітілді.
«Әлемде де, біздің елімізде де күрделі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, қарсы көрсетілімдері жоқ әрбір қазақстандықты вакцинациядан бас тартпай, егуге шақырамын. Тек осылай ғана біз біртіндеп ең аз шектеулермен өмірге орала аламыз»,-деп қорытындылады денсаулық сақтаудың бірінші вице-министрі.