ҚР Денсаулық сақтау министрлігі азаматтарға онлайн-қабылдаулар өткізуде

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі азаматтарға  онлайн-қабылдаулар өткізуде

 

2021 жылдың басынан бастап Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінде 13 онлайн-қабылдау өткізілді, онда 69 азаматтың ұлттық орталықтарға және басқа клиникаларға емдеуге жатқызуға, шетелде емделуге және отандық медициналық ұйымдарда медициналық көмек көрсету сапасына қатысты өтініштері қаралды.

Ағымдағы жылдың 26 наурызы мен 9 сәуірінде ҚР Денсаулық сақтау министрі А.В. Цой "Nur-Otan" партиясының Қоғамдық қабылдау желісі бойынша азаматтармен онлайн режимде жеке қабылдау өткізді, онда медициналық көмек көрсету, онкологиялық аурулармен ауыратын науқастарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, МӘМС шеңберінде АИТВ-мен ауыратын балаларды препараттармен қамтамасыз ету мәселелері көтерілді. Кездесу қорытындысы бойынша ведомство басшысы жоғарыда аталған мәселелерді шешу үшін бірқатар тиісті тапсырмалар берді.

ҚР Денсаулық сақтау Вице-министрі Марат Шоранов, Ажар Ғиният және Ерлан Қиясов ай сайын бірінші және үшінші сәрсенбіде азаматтарды онлайн-қабылдауды өткізетінін айта кетейік.

Мәселен, ағымдағы жылдың 29 қаңтарында ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице–министрі Марат Шорановтың онлайн қабылдау бөлмесіне диагнозды анықтауға және одан әрі емдеуге көмек сұрап, пациент жүгінді. Жүгіну қорытындысы бойынша ҚР ДСМ Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментіне профессор Ақшолақовтың қатысуымен ұлттық Травматология және ортопедия зерттеу институтына пациентті емдеуге жатқызуды ұйымдастыру, ҒЗТКЖ базасында консилиум ұйымдастыру тапсырылды.

13 қаңтарда ҚР Денсаулық сақтау Вице-министрі Ажар Ғиният шетелде емделу мәселелері бойынша екі пациентті онлайн-қабылдау өткізді. Екі мәселе де өтініш білдіргендердің пайдасына шешілді. Вице-министрге психоневрологиялық диспансерде заңсыз емдеу мәселесімен жүгінген тағы бір пациентке Республикалық психикалық денсаулық орталығы онлайн-кеңес берді.

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ерлан Қиясовқа санитариялық нормаларды сақтау, отандық фармөндірісті дамыту және шығарылатын өнімді 2021 жылға арналған тізбеге енгізу мәселелері бойынша жиі хабарласады.