
Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармаларының басшылары, сондай-ақ сарапшылар халықты Covid-19-ға қарсы жаппай вакцинациялауды ұйымдастыру және өткізу туралы айтты.
Коронавирус инфекциясымен күрестегі маңызды кезең - халықты вакцинациялау. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов атап өткендей, вакцинация-бұл індеттің алдын-алуда маңызды шара және пайдасы зор. Ұжымдық иммунитет қалыптастыру үшін 600 мыңнан астам адамды немесе қала халқының кемінде 60 –ын егу жоспарлануда.
«Бүгінде елордада 22 500-ден астам адам коронавирус инфекциясына қарсы вакцина алды. Бұл медицина қызметкерлері, мұғалімдер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, дипломатиялық қызметтер және созылмалы аурулары бар адамдар. Вакцинадан кейінгі асқынулар тіркелгенжоқ», - дедіол.
Осы аптада азаматтарды егу тек алдын-ала жазылу арқылы басталды. Яғни, КВИ-ға қарсы екпе алғысы келетінәрбірадам МСАК ұйымында вакцинациялауға өз бетінше жазыла алады және шақыруды күте алады.
Коронавирус инфекциясына қарсы вакцина алғысы келетін адамдар өтінімді екі жолмен қалдыра алады.
«Келіп түскен өтінімнің негізінде вакцинациялауға жататын адамдардың тізімі жасалады, пациенттің деректері БХТ-ға сәйкес eGov-қа енгізіледі, әлеуметтік алыстау шараларын ескере отырып, вакцинацияның күні мен уақыты белгіленеді. Учаскелік дәрігер пациентті вакцинация кестесіне қойғаннан кейін пациенттің жеке нөміріне вакцинацияның күні, уақыты және орны көрсетілген смс хабарлама жіберіледі. Вакцинациядан кейін науқас дәрігердің 30 минуттық бақылауында болады, одан кейін денсаулық жағдайын нақтылау үшін учаскелік дәрігерге қоңырау шалыңыз», - деп түсіндірді елорданың Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.
Халықты вакцинациялаумен қамту үшін біз медициналық ұйымдардағы егу пункттерінің санын 36-дан 100-ге дейін ұлғайттық, олардың жұмысы таңғы сағат 8:00-ден түнгі сағат 12:00-ге дейін ұзартылды. Халықтың жаппай вакцинациялауға қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен бірлесіп, қаланың сауда-ойын-сауық орталықтарында вакцинация пункттері орналастырылды. Осылайша, «Хан-Шатыр» және «MegaSilkWay» СОО-да барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды ескере отырып, халыққа вакцинация жүргізу бойынша жұмысқа дайындық жүріп жатыр. СОО орындарында түске дейін 2 бригада және орталықтың жабылуының соңына дейін тағы 2 бригада кезекшілік етеді. Бригада құрамында: дәрігерлер мен медбикелер бар.
Вакциналардың қолжетімділігін ескере отырып, бірінші кезеңде коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупі жоғары адамдарды вакцинациялау іске асырылды, бүгінгі күні вакциналардың түсуіне қарай халықты COVID-19-ға қарсы вакцинациялаумен қамту кеңейтілуде.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында КВИ-ға қарсы вакцинациялау үшін Н.Ф.Гамалея атындағы эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу орталығы (Ресей) әзірлеген «Гам-КОВИД-Вак» (Спутник V) вакцинасы және Қарағанды фармацевтикалық кешенінің (Қазақстан) базасында өндірілген «Гам-КОВИД-Вак» (Спутник V) вакцинасы қолданылады.
«Биыл наурыз айында Қазақстанда «Британдық» және «Оңтүстік Африка» штаммдарының айналымы сәйкестендірілгенін, ресейлік әріптестерінің деректері бойынша «Спутник V» вакцинасының вирус штаммдарының деректері бар екенін еске салды.Осылайша, пайдаланылатын «Спутник V» вакцинасы SARS-CoV-2 жабайы штамына, сондай - ақ Қазақстанда айналымдағы жаңа нұсқаларға қарсы тиімді»,-деп сендірді ғылыми-практикалық орталық филиалы директорының орынбасары М. Смағұл.
2021 жылғы 9 сәуірдегі электрондық тіркеу жүйесінен жүргізілген мониторинг деректері бойынша ҚР бойынша «Гам-КОВИД-Вак» вакцинасының бірінші компонентімен – 230 мыңнан астам адам, екінші компонентімен – 83 мыңнан астам адам егілді. Шамамен ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында COVID-19 ға қарсы келіп түсетін вакцинаның көлемін ескере отырып, республика бойынша шамамен 6 млн.адамды егу жоспарлануда.
Жұқпалы аурулармен күрестің ең тиімді шараларының бірі вакцинация болып табылатынын ескере отырып, М.Смағұл қазақстандықтарға республика аумағында тіркелген қолжетімді вакциналардың кез келгенін егуді ұсынды, өйткені ел аумағында тіркеу бұл вакциналардың қауіпсіз және тиімді екенін растайды.