Құрметті Ирина Сергеевна, Сіздің Covid-19 вакцинациясына қатысты сауалыңызға қысқаша түсініктеме бергіміз келеді.
Бүгінде жаһандық нарықта COVID-19 қарсы вакцинаны бөлісуге талас басталды. Бірқатар еуропалық елдер өндіруші компаниялармен вакцина сатып алу бойынша келісімшарт жасауға тырысуда. Алдымен өз халқын қамтамасыз ету үшін вакцина экспортына шектеу қойған мемлекеттер де бар, ал өзгелер иммундық препарат жеткізіп беретін жаңа өндірушілерді іздеуде.
Қазақстан халықты коронавирус инфекциясына қарсы вакцинациялау науқанын кестеге сәйкес 1 ақпанда бастаған елдердің бірі. Қазір медициналық қызметкерлерді, күш құрылымдары өкілдерін, педагогтарды кезең-кезеңмен вакцинациялау бойынша жұмыс жалғасуда.
Үкімет халықты вакцинациялау үшін тиісті шаралар қабылдауда. Осы мақсатта, бірінші кезекте, елімізде Қарағанды фармацевтикалық кешенінің базасында вакцина шығаратын жеке алаң ұйымдастырылды. Сонымен қатар, клиникалық сынақтың барлық кезеңінен өткен қазақстандық вакцина әзірленуде. Еліміз бойынша егу кабинеттері дайындалды, қызметкерлерді КВИ-ге қарсы вакцинациялау ережесін үйретуге оқыттық. Логистика деңгейінде вакцинаны тасымалдау үшін арнайы тоңазытқышпен қамтамасыз етілген.
2021 жылғы 31 наурызға 300 мың азаматтың вакцинациялауға қол жеткізуі қамтамасыз етілді.
Вакцина ешкімге кері әсер еткен жоқ. Қоғамның бір бөлігі Covid-19 қарсы вакцинацияға күмәнданатынына қарамастан, кезең-кезеңімен иммундау вакцинаның тиімділігі мен сапасын тексеруге мүмкіндік берді.
Биыл сәуірде 2,5 млн.доза екпе жеткізу жоспарланып отыр. Бірінші жартыжылдықтың соңына дейін 6 млн. тұрғынға екпе салынады.
Осыған байланысты, сәуірден вакцинациялауға жататын азаматтар қатары да артады. КВИ-ге қарсы вакцинациялау үшін егу кабинеттері іске қосылады, сондай-ақ ұжымдардағы адамдарды иммундау үшін жылжымалы/көшпелі егу бригадалары тартылады.
Өткен жылы маусымдық тұмауға қарсы вакцинациялау тәжірибесін ескерсек, бір айда 2,3 млн.адамды вакцинацияланған, яғни Қазақстанда денсаулық сақтау саласында жаппай иммундау мүмкіндігі бар.
Құрметті Ирина Сергеевна, ұлт денсаулығын нығайту жолындағы бірлескен нәтижелі жұмысымызға депутаттық корпус қолдау білдіреді деп үміттенеміз. Халық үшін өте маңызды мәселеге мән беріп және түсінушілік танытқаныңыз үшін алғысымызды білдіреміз.
ҚР ДСМ Баспасөз қызметі