Денсаулық сақтау министрлігінде әдеп жөніндегі уәкілдерге арналған семинар-кеңес өтті

Денсаулық сақтау министрлігінде әдеп жөніндегі уәкілдерге арналған семинар-кеңес өтті

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық, медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеттерінің Әдеп жөніндегі уәкілдеріне және олардың аумақтық бөлімшелеріне арналған семинар-кеңес өтті.

Семинар-кеңесте ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Ф.Б. Бисмильдин жаңадан тағайындалған Әдеп жөніндегі уәкілдердің құқықтары мен міндеттері, қызметтік әдеп нормаларын сақтау және барлық мемлекеттік қызметтегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Семинар-кеңес барысында комитеттің Әдеп жөніндегі уәкілі А.Ж. Жолшоринов 2020 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша презентация жасап, 2021 жылға арналған міндеттерді белгіледі.