Е.Қиясов Алматыда көліктегі СЭБД қызметімен танысты

Е.Қиясов Алматыда көліктегі СЭБД қызметімен танысты

Бүгін Денсаулық сақтау Вице-министрі – ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов Алматыға іссапары аясында көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің санитарлық-карантиндік бақылау бөліміне барды. Сондай-ақ, әуежай және шекара қызметі өкілдерімен  проблемалық мәселелер талқыланды.       

Е.Қиясов 24/7 режимінде жолаушыларды, көлікті  және бақылаудағы жүктерді тексеретін санитарлық-карантиндік бақылау бөлімі мамандарының жұмысымен танысты. Қазақстан Республикасына шетелден келетін адамдарға қатысты іс-шараларды өткізуге ерекше назар аударылды.

2021 жылғы 15 ақпаннан бастап Алматы қаласына 11 елмен  халықаралық әуе арейстер ашылды, яғни коронавирус инфекциясының таралу қаупі де жоғары болып отыр.

2020 жылғы 6 қазаннан бастап Алматы қаласына халықаралық рейстермен келген 140 928 жолаушының 22 020-сы анықтамасыз ұшып келгендіктен карантиндік стационарға жатқызылды. Түркиядан, Египеттен және БАӘ-ден оралған 105 азаматтан ауру анықталды. Соvid-19-ға ПТР тесттен өткені туралы анықтамасы жоқ 33 шетелдік жолаушы кері қайтарылды.

Е.Қиясовқа жауаптылар көлік объектілері қызметкерлерінің арасында коронавирус инфекциясын жұқтырғандарды анықтау жұмысы жайлы баяндалды. Әуе және теміржол көлігі қызметкерлерінің арасында 2020 жылдың басынан бері Сovid-19 зертханалық расталған 19 жағдай тіркелген. Бұдан басқа, бақылау-қадағалау қызметі жүргізілуде.

Пандемия кезеңінде шектеу шараларын бұзғаны үшін 2 153 030 теңге сомасына  айыппұл ретінде  38 әкімшілік шара қабылданды.

Көліктегі СЭБД мамандары кадр тапшылығы мен материалдық-техникалық жарақтандыруға байланысты проблемалық мәселелерді қозғады. Денсаулық сақтау вице-министрі халықаралық рейстермен анықтамасыз ұшып келетін Қазақстан Республикасының азаматтары санының өсуіне байланысты жауапкершілікті арттыру жолында жұмыс жүргізіліп жатқанын хабарлады. Сондай-ақ, web-қосымшаға деректерді енгізу үшін жолаушылар арасындағы  электрондық сауалнаманы енгізуді жеделдету жағы талқыланды.