
Бүгін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстандағы ДДСҰ өкілдерімен кездесті, жүздесу барысында ДДСҰ-ның ҚР-дағы медициналық алғашқы көмектің рөлін күшейту жөніндегі бағдарламасын іске асыру аспектілері, ДДСҰ-ның 74-сессиясында МСАК бойынша жоғары деңгейдегі іс-шараларды бірлесіп ұйымдастыру, сондай-ақ ҚР ДСМ және ДДСҰ-ның МСАК жөніндегі географиялық қашық орналасқан офисі (ГҚО) арасындағы ынтымақтастықты дамытудың өзге де мәселелері талқыланды.
Кездесуге ҚР Денсаулық сақтау вице-министрлері, ДДСҰ МСАК жөніндегі ГҚО басшысы (Алматы қ.) Мелита Якаб, ДДСҰ Қазақстандағы өкілі (Нұр-Сұлтан Қ.) Каролин Кларинваль, ДДСҰ МСАК жөніндегі ГҚО техникалық мәселелер жөніндегі маманы Арнольдас Юргутистің, медициналық бағдарламалар жөніндегі техникалық үйлестіруші Виталий Стециктің қатысты.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, желтоқсанда ДДСҰ басшылығының қатысуымен МСАК жөніндегі Астана декларациясын ілгерілету бойынша медициналық-санитариялық алғашқы көмектің операциялық тетігі ресми түрде іске қосылды. Сол кезде тараптар елдердегі денсаулық сақтау жүйесін күшейту мүмкіндіктерін талқылады.
“Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, ЮНИСЕФ және Қазақстанның медициналық-санитарлық алғашқы көмекті жаһандық деңгейде нығайту мәселесіндегі үшжақты ынтымақтастығы осыдан 40 жыл бұрын Қазақ КСР астанасында басталған, онда Алматы декларациясы қабылданды. Ол пациентке бағдарланған, физикалық жағынан да, қаржылық жағынан да сапалы және қол жетімді медициналық-санитарлық алғашқы көмек стандартын белгіледі”, - деді А.Цой.
2018 жылы қабылданған Медициналық-санитарлық алғашқы көмек жөніндегі Астана декларациясы Алматы декларациясының құндылықтарына бейімделген. Елдер мен үкіметтер оның принциптерімен келісіп, әр адамның денсаулығын сақтау бойынша міндеттемелер қабылдады.
Медициналық-санитарлық алғашқы көмектің операциялық тетігі ДДСҰ қолдауымен әзірленді және 2020 жылғы қарашада Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ассамблеясының 73-сессиясында әлемнің 194 мемлекеті мақұлдады. Бұл құжат МСАК жөніндегі Астана декларациясын іске асыру жоспары және МСАК-ты нығайтуға бағфтталған стратегиялық және операциялық бірнеше үлгі ұсынады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен МСАК ұйымдастыру тәсілдерін түбегейлі қайта қарау бойынша жұмыс жүргізілуде. Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан халқының қажеттіліктеріне және шетелдік практиканың озық жетістіктеріне жауап беретін МСАК-ты дамытудың ұзақ мерзімді стратегиясын қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізуде.
Атап айтқанда, амбулаториялық-емханалық көмектің қолжетімділігін жақсарту бойынша 2021-2023 жылдарға арналған шаралар кешенінің жобасы дайындалуа. Оның аясында бүкіл халық профилактикалық тексерумен қамтылады, “Ауыл – Ел бесігі” арнайы жобасын ескере отырып, денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың перспективалық жоспарларына сәйкес кемінде 300 жаңа МСАК объекті ашылады. Осы шараларды іске асыру үшін МСАК-қа бөлінетін қаржыны 60% дейін арттыру көзделген.