
Бүгін Денсаулық сақтау министрінің бірінші вице-министрі Марат Шорановтың төрағалығымен Джон Хопкинс клиникасы өкілдерімен COVID-19 күрес саласында тәжірибе алмасуға арналған онлайн-вебинар өтті. Кездесу коронавирус инфекциясын уақтылы диагностикалауға және емдеуге бағытталған шешім қабылдайтын медицина қызметкерлері, денсаулық сақтау басқармаларының және министрліктің қызметкерлеріне арнайы ұйымдастырылды.
М.Шоранов Денсаулық сақтау министрлігінің атынан COVID-19 коронавирус инфекциясымен күресте тәжірибе алмасуға арналған вебинар ұйымдастырған Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы Елшілігіне, Қазақстан Республикасының Сан-Францискодағы Бас консулдығына және Төтенше және Өкілетті Елші Ержан Қазыхановқа алғыс білдірді.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Денсаулық сақтау саласындағы қазақстандық-американдық ынтымақтастыққа үлкен мән береді. Тараптар АИТВ және туберкулезбен күрес жөніндегі ұзақ мерзімді күш-жігерді және денсаулық сақтау секторында техникалық көмек көрсетуді қоса алғанда, азаматтардың денсаулығы мен әл-ауқатын жақсарту жөніндегі бірқатар бағдарлама бойынша тығыз әріптестікте жұмыс істейді. Мұның бәрі екі мемлекет арасындағы достық қарым-қатынасты, сондай-ақ пандемияға қарсы халықаралық күш-жігердегі ынтымақтастықты көрсетеді.
«Бүгінгі таңда халықаралық ынтымақтастықты дамыту мен нығайту және мемлекеттердің COVID-19 пандемиясына қарсы күрестегі күш-жігерін біріктіру өте маңызды. Қазақстан тарапы көп жылдық тәжірибесі мен денсаулық сақтау жүйесіне қосқан елеулі үлесін ескере отырып, Джонс Хопкинс атындағы клиникамен ынтымақтастыққа зор мән береді. Джонс Хопкинс клиникасы АҚШ пен әлемдегі клиникалар рейтингінде жетекші орын алады. Клиниканың интеграцияланған басқару моделі студенттерге жақсы білім береді, пациенттеріне қамқорлық жасайды және ғылыми зерттеулермен сәтті айналысады», - деді бірінші вице-министр.
Вебинар барысында М.Шоранов кездесуге қатысушыларға республикадағы COVID-19 жағдайы туралы және ҚР Үкіметінің пандемиямен күрес бойынша қабылдаған шаралары туралы хабардар етті. Бұдан басқа, Денсаулық сақтау министрлігі жанынан коронавирус инфекциясымен сырқаттанғандар санын болжау және қажетті шаралар әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы құрылды, ол орта мерзімді және қысқа мерзімді болжамдар жасайды. COVID-19 таралуының қазіргі жағдайы негізінде эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы әзірленді, оның көмегімен шектеу шараларын күшейту немесе жеңілдету жөнінде шешімдер қабылданады. Халықты тестілеуге қолжетімділік қамтамасыз етілді. Қазіргі уақытта зертханалық тестілеудің қуаты тәулігіне 100 мың тестке дейін жеткізілді. Ал КВИ-мен ауыратын науқастар үшін дәрілік заттардың тапшылығын болдырмау мақсатында негізгі дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың азайтылмайтын резерві құрылды. Ол үшін өңірлерде дәрілік заттардың тұрақтандыру қорлары ұйымдастырылды.
«2021 жылдың 1 ақпанынан бастап Қазақстан Республикасында коронавирус инфекциясына қарсы халықтың тиісті топтарын вакцинациялау басталды. Вакцинация халықтың түрлі топтарының эпидемиологиялық маңыздылығын ескере отырып, кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Бірінші кезеңде –медицина қызметкерлері, инфекциялық ауруханалардың, жедел медициналық жәрдемнің, сондай–ақ басқа да бейіндердің қызметкерлері, наурыздан бастап педагогтар мен күш құрылымдарының қызметкерлері, сәуірден бастап студенттер егіледі. 2021 жылдың мамыр айынан бастап вакцина көлемінің жеткіліктілігіне қарай қалған контингент вакцина салдырады», - деді М.Шоранов.
Бүгінде Қазақстанда 11 934 адам егілді, қамту 56,8% құрады, жайсыз жағдай тіркелген жоқ. 15 ақпаннан бастап Қарағанды фармацевтикалық кешені өндіретін «Спутник V» вакцинасы тіркеледі. Алдын ала деректер бойынша аталған вакцинаның тиімділігі шамамен 92% – ды құрайды.
Сондай-ақ QAZCOVID-IN ® отандық инактивтендірілген вакцинасын әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Оны ҚР БҒМ «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты» дайындауда. QazCovid-in вакцинасын COVID-19 қарсы клиникалық зерттеудің I және II фазаларының нәтижелері бойынша жақсы төзімділік пен қауіпсіздік байқалды. Бірінші және екінші кезеңдердің аралық нәтижесі 96 пайыздық тиімділікпен жақсы нәтиже көрсетті. Қазір үшінші кезеңнің клиникалық сынақтары жүргізілуде. Зерттеуге 3 мың адам қатысады.
Бірінші вице-министр COVID-19 пандемиясын жеңу өте маңызды болып қала беретінін атап өтті. Бірақ болашақта COVID-19 күресу үшін әлемдік денсаулық сақтау жүйесінің әлеуетін жоғалтпау және пандемиядан кейін де денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайларға ұзақ мерзімді дайындықтың болуы маңызды.
Джонс Хопкинс клиникасының өкілдері ауруханада емдеу алгоритмі, реанимация бөлімінде коронавирус инфекциясын емдеу тәжірибесін және науқастарды емдеу ісін ұйымдастыру ерекшеліктерін талқылады. Джон Хопкинс университеті Медицина мектебінің доценті, медицина ғылымдарының докторы, пульмонология және реанимация саласындағы ғылыми қызметкер Бенджамин Боднар, м.ғ. д., операциялар жөніндегі аға вице-президент Скотт Стивенс, 6 ауруханада операцияларды бақылаушы және үйлестіруші Джонс Хопкинстің, Covid-19 пандемиясындағы аурухана процестері мен денсаулық сақтау жүйесінің стратегиясы жөніндегі менеджер Лиза Ишии баяндама жасады.
Вебинар соңында М.Шоранов әріптестерін Қазақстанның коронавирус инфекциясының алдын алу, індетті жедел анықтау және адамдардың өмірін құтқару бойынша ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екендігін жеткізді. Сонымен қатар, елдер арасындағы денсаулық сақтау саласындағы өзара тиімді және практикалық байланыс одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.