Нұр-Сұлтан қаласында белсенді өмір салтын насихаттауға арналған «Сөзден іске/Walk the Talk» атты халықаралық акция өтті

Нұр-Сұлтан қаласында белсенді өмір салтын насихаттауға арналған «Сөзден іске/Walk the Talk» атты халықаралық акция өтті

Шара барысында ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев пен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің басшылары, Денсаулық елшілері мен белгілі әншілер  бірнеше шарықым жүгіріп өтті.

Акцияның мақсаты – белсенді өмір салтын насихаттау, қоғамдық денсаулықты қорғау бойынша барлық мүдделі тараптардың күшін біріктіру, денсаулықты нығайту мақсатында Жаһандық қозғалысты қолдау және адамдарды өмір бойы дене жаттығуын  жасап жүруге шақыру.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының 72-сессиясы қарсаңында өткен «Сөзден іске/Walk the Talk» акциясының ұйымдасытрушылары: ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы және Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі.

Қатысушылар алдында ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев, Астана әкімдігінің өкілдері мен Денсаулық елшілері: «Қарақат» эксклюзивті музыкалық мектеп-студиясының жетекшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қарақат Әбілдина, Гиннес рекордтар кітабының 7 дүркін рекордсмені, әлемнің ірі шөл далаларын жүгіріп өткен Марат Жыланбаев сөз сөйледі.

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев: «Бүгін салауатты өмір салтын қолдап, өз денсаулығымызға бей-жай қарамайтынымызды дәлелдедік. Біз адамның ерекшелігіне, тұратын жеріне қарамастан, кез-келген азаматтың дені сау болу үшін бар күшімізді саламыз. Ал денсаулыққа деген жауапкершілікті әркім өзінен бастауы тиіс».

Вице-министр сөз соңында, алда Медицина қызметкерлері күні келе жатқанын еске салып, әріптестерін денсаулық сақтау ісін кеңінен насихаттап, ауырмаудың жолын іздейтін адамдардың қатарын  барынша көбейтуді тапсырды. Және өңірлердегі дәрігерлерді «Денсаулыққа барар жол өзіңнен басталады»  эстафетасын әріқарай жалғастыруға шақырды.

Денсаулық елшісі Марат Жыланбаев болса, жиналғандарға дұрыс тамақтанып, жағымсыз  әдеттерден аулақ болуға, үнемі спортпен шұғылдануға кеңес берді.

Адам денсаулығы тек медицина қызметкерлеріне байланысты емес. Егер әркім белсенді өмір салтын ұстанып, экологияны таза сақтап, дұрыс тамақтанып, зиянды әдеттерден бас тартса, өз денсаулығын сақтай алады. Еліміздің бас қаласында «Сөзден іске/WalktheTalk» акциясынан да өзге денсаулықты нығайтуға бағытталған көптеген іс-шара өткізілуде. Сондықтан Нұр-Сұлтан шаһары «Салауатты қала» атанатынына сенім бар.

Осылайша, сөзден іске көшкен қала тұрғындары 3-5 шақырым қашықтықта  жүгірді, сондай-ақ,  скандинавия әдісімен жүріп өтті. Маршрут бойында мынадай арнайы станциялар ұйымдастырылды:

- су станциясы (барлық қатысушыға су таратылды);

- шұғыл көмек станциясы – ауа-райына сәйкес киініп спортпен шұғылдану;

- Денсаулыққа мұқият болу - спортпен айналысқанда дәрігердің кеңесіне, ескертулерге  құлақ асып, тыйым салынған іс-қимылды жасаму;

«Сөзден іске/Walk the Talk»  акциясы астанамызда алғаш рет 2018 жылы 24 қазанда өтті. Шара МСАК бойынша 2030 жылға дейін қабылданған Астана декларациясы мен  Медициналық-санитариялық алғашқы көмекке арналған Жаһандық конференция қарсаңында ұйымдастырылған еді.