Жандос Бүркітбаев ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды

Жандос Бүркітбаев ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Бүркітбаев Жандос Қонысұлы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды.
Жандос Бүркітбаев 1971 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген.
1996 жылы С.Асфендияров атындағы Алматы ұлттық медициналық университетін «Жалпы медицина» мамандығы бойынша бітірген.

2003 жылы Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін "Мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандығы бойынша, 2007 жылы - "Фармация" мамандығы бойынша Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медициналық академиясын, 2018 жылы - Қазақ медициналық университетінің Қоғамдық денсаулық сақтау мектебін (ҚДСМ) тәмамдаған, 2020 жылы - Тұран-Астана университетінде "Құқықтану" мамандығы бойынша білім алған. 
Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қаласындағы шұғыл клиникалық ауруханада жалпы тәжірибелік дәрігер ретінде бастаған.
Осы жылдары ол Алматы қаласындағы Республикалық Апаттар медицинасы орталығында дәрігер, Денсаулық сақтау министрлігінің бас маманы, бөлім бастығы, басқарма бастығы, Комитет қызметін қамтамасыз ету бөлімі бастығының орынбасары болып жұмыс істеген. ҚР Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің қызметін қамтамасыз ету бөлімі меңгерушісінің орынбасары, ал 2008 жылы Астана қаласындағы "Қан орталығы" ШЖҚ МКК басқарды.
2011-2019 жж. - Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының директоры.
2019 жылдың 23 қаңтарынан бастап «Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық» ЖШС басқарма төрағасы қызметін атқарды.